A- A A+
Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы
«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының брифингі

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Ақмола медиа орталығында «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Б.А. Ерназаров және бұқаралық ақпарат өкiлдерi «Акмолинская правда», «Арқа жары», сондай-ақ «Қазақстан Көкшетау» TV арнасының қатысуымен брифинг өттi.

Брифинг барысында басқарма басшысы Бауржан Алтынбекұлы жер қатынастары саласындағы келесi мәселелердi қарастырды:

1. Жер ресурстарын тиiмдi және ұтымды пайдалану мәселесi.

2. Конкурстар мен аукциондар арқылы учаскелердi беру.

3. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алу кезектiлiгi.

4. Қолда бар жер қорын талдау (жердi құжаттық тексеру).

5. Жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызмет көрсету.

6. Жер қойнауын пайдалану мақсатында жер учаскелерiн беру.

7. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының 2019 жылғы талап-арыз жұмысы.

8. «САРЫ-АРҚА" магистральды газ құбырының құрылысы.

9. Елдi мекендердiң шекарасын белгiлеу.

10. Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеу бойынша қабылданатын шаралар.

11. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне агроөнеркәсiптiк кешендi реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VI ҚРЗ Заңын түсiндiру.

Брифингтiң қорытындысы бойынша басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерiне қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ келесi жылға арналған мiндеттер туралы түсiнiктеме бердi.

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2019
Қаралым саны: 261

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

land@aqmola.gov.kz