AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Б» корпусының бос төменгі болып табылмайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ (индексі 02000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтбаев көшесі 1Б, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)51-21-28, электрондық мекен-жайы: land@aqmola.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгі болып табылмайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жер учаскелерін беретін және мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімнің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін), D-О-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 126356,58 теңгеден 170599,08 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық ету; ҚР Жер кодексінің 16 бабына сәйкес құзыреті шегінде жер учаскелерін беру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; жерді резервтеу бойынша ұсыныстар мен шешімдердің жобаларын дайындау; өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау; Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;; жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу; өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу, жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және талап-арыз жұмысын жүргізу үшін материалдарды беру; облыстың жергілікті атқарушы органы берген жерлердің мониторингін жүзеге асыру және коммерциялық мақсаттағы жерлердің мониторингі бойынша жер қатынастары жөніндегі аудандық, қалалық уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру; осы Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау; Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі жобаларды қарау және қорытындылар беру; облыс әкімдігі жанындағы жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; Сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау; елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу бойынша аудандық, қалалық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық ету; жер және өзге де құқықтық қатынастар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдердің сақталуын бақылау және мәселелерді үйлестіру; басқарма қызметіне қатысты есептерді жасау және тапсыру, ; бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша комиссия отырыстарының және кеңестердің баяндамалары мен хаттамаларын дайындау; басқарма басшысы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Республикалық комиссиямен бекітілген басым мамандықтар бойынша "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы» Заңына сәйкес автономиялық білім беру ұйымында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында аталған лауазымның қызметтік міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орынтықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртібесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметші мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердің әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 Бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар қатысады.

Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Басқарушы лауазымдарына үміттелген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе комиссиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясыниеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шартының (келісімнің) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерліккәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7) және 8)-тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтаға берілген жағдайда олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан бұрын кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

________                                            ____________________________________
  (қолы)                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 ___ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

___________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/Дата и место рождения  
2. Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)  
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/Год окончания и наименование учебного заведения  
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/ Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)  
5. Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками  
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)/Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/ Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/ приема босатылған/ увольнения
     
     
     
     
     
     
     
         

______________________  _____________
Кандидаттың қолы/              күні/дата
Подпись кандидата

Мақаланы құрған күні 20.01.2020
Қаралым саны: 237
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы