AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ (индексі 02000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтбаев көшесі 1Б, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)51-21-28, электрондық мекен-жайы: (land@aqmola.gov.kz), «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Әкімшілік бөлімінің бас маманы - заңгер, санаты «D-О-4», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 108 305 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Құқық қорғау органдары мен облыстық әділет департаментімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, басқа да тексеруші және бақылаушы органдармен жұмыс, сот процестеріне қатысу; сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен даулар бойынша сот тәжірибесінің, талап-арыз жұмысының жай-күйін талдау және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу; заң күшіне енгізілген сот актілердің орындауы бойынша шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүзеге асыру және жемқорлық тәуекелдерін талдаудың ішкі бақылау жүргізуді; нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу; хаттардың жобалардың, Басқарманың келісім-шарттардың, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, құқықтық сараптамасын ұйымдастыруды бақылау; Басқарманың қызметкерлеріне заң көмегін көрсету және консультациялар беру; облыс әкімдіктің қаулылардың, шешімдердің және өкімдердің жобаларын келісу процедурасын дайындауды және ұйымдастыруды бақылау; Басқарманың қызметіне байланысты, құқықтық түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы бойынша Басқарманың бағдарламаларын әзірлеуіне бақылау; жер қатынастары және басқа да құқық қатынастары бойынша баяндамаларды дайындау және есептерді құру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма басшысымен анықталған басқа да өкілеттіктерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 Бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар қатысады.

Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясыниеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шартының (келісімнің) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерліккәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтаға берілген жағдайда олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан бұрын кешіктірілмей беріледі.

Құжаттарды ұсынбаған жағдайда азамат конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені____________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________ ________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

____________                        ___________________________________
    (қолы)                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 ___ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

___________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/Дата и место рождения  
2. Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)  
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/Год окончания и наименование учебного заведения  
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/ Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)  
5. Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками  
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)/Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/ Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/ приема босатылған/ увольнения
     
     
     
     
     
     
     
         

______________________                                                              _____________
Кандидаттың қолы/                                                                           күні/дата
Подпись кандидата

Мақаланы құрған күні 29.10.2019
Қаралым саны: 396
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы