AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының «Б» корпусы бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрi — Басқарма), 020000, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1 «Б», анықтама телефоны: 25-68-66, e-mail: land.akmo@mail.ru, «Б» корпусының бос төменгi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Персоналды басқару қызметi (кадрлар қызметi) бас маман (санаты

D-О-4), 1 бiрлiк, қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық қызметақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Персоналды басқару стратегиясын әзiрлеу және жүзеге асыру; кадрлар қажеттiлiгiн талдау және жоспарлау; кадр құрамын қалыптастыру және конкурс таңдауын ұйымдастыру; кадрлардың мониторингi; кәсiби бейiмделудi және тәлiмгерлiктi ұйымдастыру; кадрлардың кәсiби өсуiн қамтамасыз ету, соның iшiнде белгiленген мерзiмдерге сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi тағылымдамадан өткiзу, дайындау, бiлiктiлiктерiн арттыру, қайта дайындау арқылы қамтамасыз ету; кадрлар мәселелерi бойынша конкурс, тәртiптiк, аттестациялық және өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттiк қызметке орналасу, мемлекеттiк қызметтi өту және аяқтау, қызметтiк тергеудi жүргiзу, әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметi, аттестациядан өту және оқу рәсiмдерiн сақтауды қамтамасыз ету, соның iшiнде мемлекеттiк қызметi персоналы бойынша деректердiң бiрыңғай автоматтандырылған базасында (ақпараттық жүесiнде); мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке деректерiн есепке алу, әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiне бағалау жүргiзудi ұйымдастыру; басқармада еңбек және мемлекеттiк қызметi туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимiн және ережелерiн, ал сондай-ақ мемлекеттiк қызметте болуымен байланысты шектеулердiң сақталуын қамтамсыз ету; мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, көтермелеудi қолдану тәртiбiн әзiрлеу.

Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: құқық немесе қызметтер немесе ауылшаруашылығы ғылымдары немесе бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдары салаларында.

Келесi қасиеттердiң бар болуы: жiгерлiлiк, бейiмдiлiк, талдаушылық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бейiмделу, тұтынушыға бейiмделу, жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесiне талаптар қойылмайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бүйрығымен бекiтiлген “Б” корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу ережелерi” негiзiнде өткiзiледi.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған

сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған өшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi

мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн Басқармаға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде Басқарманың электрондық поштасы не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң және Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы соңғы жарнама орналастырылған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде 020000, Көкшетау қаласы Қ.Сәтбаев көшесi, 1«Б», 251-кабинет, Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының мекенжайы бойынша немесе land.akmo@mail.ru электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиiс. Анықтама телефоны: 25-68-66.

Үмiткерлермен әңгiмелесу, олар әңгiмелесуге жiберiлгендерi туралы хабарландыру күнiнен бастап 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Басқарманың ғимаратында, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1 «Б» мекенжайында өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурсты өткiзу орнына және керi қарай жол ақысы, тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебiнен жасайды

Мақаланы құрған күні 18.05.2016
Қаралым саны: 1291
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы