AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрi — Басқарма), 020000, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1 «Б», анықтама телефоны: 25-68-66, e-mail: land.akmo@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Жер қатынастары реттеуiн үйлестiру бөлiмiнiң басшысы (негiзгi қызметшiнiң бала күтiмiне қатысты демалыс уақытына) (санаты D-О-3), 1 бiрлiк, қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық қызметақысы 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Бөлiммен басшылық ету және реттеу; жер қатынастарын реттеу бөлiгiнде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) жер қатынастары бөлiмдерiнiң қызметiн және методикалық басшылығын; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзуiн, жер заңнамасымен белгiленген өкiлеттi болу шегiнде жер учаскелерiн беру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындауды; жердi пайдалану мен қорғау мәселерiне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу, ал сондай-ақ жердi ұтымды пайдалану бағдарламасын әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргiзу, iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға облыстың жергiлiктi атқарушы органымен рұқсат беру жөнiндегi ұсыныстар дайындау; ауылшаруашылық алаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыру (ауысу) бойынша жұмыстар ұйымдастыру және ауылшаруашылық айналымына енгiзу мақсатында жайылым жерлердiң түгендеуiн жүргiзу; сатып алу-сату шарттарын, облыстың жергiлiктi атқарушы органының өз құзыретi шегiнде жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмiнiң негiзiнде жер учаскесiн жалдау шарттарын және жер учаскесiне сәйкестендiрме құжаттарын дайындау және тiркеу бойынша, жұмыстарын ұйымдастыру; жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығына арналған қор, өнеркәсiп жерлерiнiң саласындағы мәселелердi реттеу; жер учаскелерiн беру мәселелерi бойынша облыс әкiмдiгiнiң жанындағы комиссияның жұмысын ұйымдастыру; жер қатынастары және басқа құқық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау; басқарма басшысымен анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындау.

Iшкi конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: қызметтер немесе ауылшаруашылығы ғылымдары немесе құқық салаларында .

Келесi қасиеттердiң бар болуы: жiгерлiлiк, бейiмдiлiк, талдаушылық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бейiмделу, тұтынушыға бейiмделу, жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бүйрығымен бекiтiлген “Б” корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу ережелерi” негiзiнде өткiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасын аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Iшкi конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң және Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы соңғы жарнама орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде 020000, Көкшетау қаласы Қ.Сәтбаев көшесi, 1«Б», 251-кабинет, Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының мекенжайы бойынша немесе land.akmo@mail.ru электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиiс. Анықтама телефоны: 25-68-66.

Үмiткерлермен әңгiмелесу, олар әңгiмелесуге жiберiлгендерi туралы хабарландыру күнiнен бастап 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Басқарманың ғимаратында, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1 «Б» мекенжайында өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурсты өткiзу орнына және керi қарай жол ақысы, тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебiнен жасайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Мақаланы құрған күні 25.05.2016
Қаралым саны: 1194
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы