A- A A+
Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы
Iздестiру жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру

Геологиялық, геофизикалық, iздестiру, геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн арнайы рұқсат алу қажет. Осы рәсiм Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 71-бабы регламенттейдi.

Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсатты оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып аудандық, қалалық атқарушы органдар, ал егiстiкте, жақсартылған шабындықтар мен жайылымдарда, көп жылдық екпелер бар жерлерде, сондай — ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнде және орман қоры жерлерiнде жұмыстар жүргiзу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бередi.

Осы мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы немесе Мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi: өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi):

1) өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi));

3) iздестiру жұмыстарын жүргiзу учаскесiнiң жоспары (схемасы);

4) iздестiру жұмыстарын орындау үшiн тапсырманың көшiрмесi.

ҚР Жер кодексiнiң 71-бабының күшi пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүзеге асыру кезiнде iздестiру жұмыстарын жүргiзуге қолданылмайды. ҚР Жер кодексiнiң 7-тарауы 71-1-баппен толықтырылды, оған сәйкес жеке меншiктегi немесе жер пайдаланудағы жер учаскелерiнде пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мұндай учаскелерде қажеттi жұмыстарды жеке немесе қауымдық сервитут негiзiнде жүргiзе алады. Жергiлiктi атқарушы органдардың қауымдық сервитуттарды белгiлеуi мемлекеттiк қызметке жатпайды.

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2020
Қаралым саны: 64
Пост наблюдения загрязнения воздуха
мкг/м3

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

land@aqmola.gov.kz