Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Зияткерлік ойындар ортасында

"Бурабай" спорт сарайының зияткерлiк ойындар орталығында ағымдағы жылдың сәуiр айының екiншi онкүндiгiнде ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Көкшетау қаласының Чемпионаты өттi.

Жарыс Көкшетау қаласының тұрғындары арасында өттi, оған 22 қарсылас қатысты.

Бұл жарысқа "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" ММ бас маманы Ахметова Джейн Мәлiкқызы белсене қатысып, оның қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының әйелдер арасында құрметтi екiншi орынға ие болды.

Мақаланы құрған күні 17.04.2019
Қаралым саны: 576
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы