AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» (индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев к-сi, 1Б, анықтама телефон нөмiрi: 8 (716-2) 25-64-46, электрондық мекен-жайы: p.priemnaya@akmo.gov.kz) мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1.Ұйымдастыру-қаржылық бөлiмiнiң басшысы (негiзгi қызметшiнiң бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кезеңiнде 2020 жылдың 25 қарашасына дейiн), санаты «D-O-3», 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 109898 теңгеден 148301 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бөлiмге басшылық ету және жер, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеумен байланысты Басқарманың ұйымдастыру жұмысын үйлестiру; нұсқаулыққа сәйкес iсжүргiзу жөнiндегi сапалы iс жүргiзудi, сондай-ақ электрондық құжат айналымын жүргiзудi бақылау; жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алуды және олар бойынша есептердi тапсыруға бақылау; қызметшiлердiң жалақысын есептеу және уақытында төлеу;зейнетақы жинақтау қорларына аударуларды есептеу және уақытында аударып отыру; бухгалтерлiк есептердi жасау және тапсыру;басқарманың салық және басқа қаржылық мiндеттемелерiн орындау; Басқарма қызметшiлердiң келiп түскен өтiнiштердi уақытында қарауын бақылау; басқарма қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуiн ұйымдастыру; кассалық, есеп айырысу тәртiбi сақталуын және бюджеттiк қаржыны мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету; бухгалтерлiк құжаттарды өз тәртiбiнде сақтау; басқарманың қызметiне қатысты бағдарламаларды әзiрлеу; қаржы және басқа да мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау; басқарма басшысымен анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген, «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нiң персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Тiркелу үшiн тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) берiлген нысандағы өтiнiш (Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес);

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен)құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 2 сағат бұрын кешiктiрiлмей тапсырылады.

Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгiмелесуден өтуге жiбермейдi.

Құжаттар «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-де өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 2018 ж.

Мақаланы құрған күні 04.07.2018
Қаралым саны: 1006
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы