AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 405-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz) «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы (негiзгi қызметкердiң жүктiлiкке және босануына байланысты демалысы кезеңiнде), D-О-1 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 182 387 теңгеден 246 514 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Мемлекеттiк мекеме туралы ережемен белгiленген қызметтердi орындау жөнiнде басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, басқарманың бөлiм басшыларының арасында мiндеттер мен өкiлеттiлiктердi анықтау, өз құзiреттiлiгiнiң аясында мемлекеттiк билiк органдарымен қарым-қатынас жүргiзу, жер қатынастары саласында басқарманың жұмысын ұйымдастыру. Жер қатынастарын реттеу, облыстың жер ресурстарын пайдалану мен қайта бөлу туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тиiмдi есеп жүргiзу саясатын жүргiзу, жер ресурстарын тиiмдi және ұтымды пайдалану шарттарын әзiрлеу, олардың сапалық жағдайын жақсарту саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Қадағалайтын саласында мемлекеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiне қол жеткiзу және меморандумдарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызмет көрсету (жерге орналастыру немесе кадастр немесе бағалау) немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) немесе құқық, немесе жаратылыстану ғылымдары (экология), немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе жер өңдеу немесе қалпына келтiру және жерлердi қорғау).

«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi бес жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi 2 жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi 6 жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екi жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысы әкiмi аппараты персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (Агенттiгiнiң 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгiмелесу кезiнде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуiне кедергi келтiрмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 54- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Құжаттар Ақмола облысы әкiмдiгi, Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi___________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк

лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын

қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен

келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________

________ ______________________________

қолы (Тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланы құрған күні 24.10.2019
Қаралым саны: 378
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы