AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесi, 1Б, 249-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)51-21-28, электрондық мекенжайы: land@aqmola.gov.kz, «Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Жер учаскелерiн беретiн және мемлекеттiк қызметтер көрсететiн бөлiмiнiң басшысы (негiзгi қызметкердiң бала күтiмiне байланысты демалыс кезеңiне 2021 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн), D-О-3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 126356,58 теңгеден 170599,08 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: бөлiмге басшылық ету, құзыретi шегiнде жер учаскелерiн беру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органның шешiмдерiнiң жобаларын және ұсыныстарды дайындау; жердi аймақтарға бөлу және жоспарларын және облыстағы жерлердi ұтымды пайдалану бойынша әзiрлеудi ұйымдастыру, жерлердi пайдалану және бақылау сұрақтарын қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалары мен схемалардың сараптамасын жүргiзу; ауылшаруашылық айналымына енгiзу мақсатында ауылшаруашылық жерлердiң түгендеуiн өткiзу; жер қойнауын пайдалану, ауылшаруашылық мақсатындағы, қордағы, өнеркәсiп, елдi мекендердiң жерлерi саласында сұрақтарды реттеу, облыс әкiмдiгiнiң жанындағы жер комиссияның жұмысын ұйымдастыру; жер учаскелердiң жалдау құнын есептеу; құзыретi шегiнде мемлекетпен жеке меншiкке сатылатын нақты жер учаскелердiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту; орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, “Азаматтарға арналған Үкiмет” Мемлекеттiк корпорациясымен, облыстағы жер құқық қатынастарында басқа да мемлекеттiк мемлекеттiк органдарымен және жүргiзушi мемлекеттiк жер кадастрымен өзара әрекеттесу; жер қатынастары және басқа құқық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау; Басқармамен орындалатын мемлекеттiк қызмет көрсетуде мерзiмдердi сақтауды бақылау мәселелерiн үйлестiру; Басқарма басшысымен анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Республикалық комиссиямен бекiтiлген басым мамандықтар бойынша "Назарбаев Университетi", "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" және "Назарбаев Қоры" мәртебесi туралы» Заңына сәйкес автономиялық бiлiм беру ұйымында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында аталған лауазымның қызметтiк мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орынтықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымастық және әрекеттестiк, қызмет басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртiбесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметшi мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердiң әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Құжаттар «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

________                                         ____________________________________
   қолы                                              (Тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланы құрған күні 10.12.2019
Қаралым саны: 317
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы