A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Биологиялық бүлінген жерлерді қалпына келтіру

Жер бедерiнiң тау-кен өндiрушi салдарынан, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстар құрылымына өзгерiстерге ұшыраған жерлерге, олардың жер учаскелердңғ едәуiр дәрежеде бүлiнген, жерлердi қайта қалпына келтiру үшiн жерлердi қалпына келтiру қажет.

Биологиялық қалпына келтiру — бұл ауыл шаруашылығы және орман дақылдары үшiн топырақтың су-әуе және нәрлi режимдерiн қолайлы құру үшiн iс-шаралар кешенi болып табылады. Бұл кешен ауыспалы егiстi қамтиды, сидеральдық тыңайтқыштар дақылдардың тойым, органикалық және минералдық тыңайтқыштар жоғарылатылған нормалары енгiзу кешенiн қамтиды.

Калпына келтiру процесi әдетте екi негiзгi кезеңнен тұрады -техникалық және биологиялық. Бұл ретте, экологтардың айтуынша, қолданылған қоймалау үшiн және уытты қалдықтарды көмуге арналған ең күрделi қалпына келтiру жерлер болып табылады. Мұндай жерлердi арнайы калпына келтiру қажет, ол жылдар бойы созылуы мүмкiн, олардың мерзiмi қалдықтарды түрiне және жерге ауырлық әсерiнен байланысты болып келедi.

Қалпына келтiру жобасын әзiрлеу  — бұл күрделi және көп сатылы процесс, онда әр түрлi саладағы мамандар қатысады. Жобаның мақсаттарына отырып, құжаттама дайындалады, жұмыс жасау кезеңдерi және бюджеттi жүзеге асырылады.

Жердi қалпына келтiру үшiн, жер алқаптарының тозуымен алынған топырақты тау-кен өндiру, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу кезiнде жердi өнiмдi учаскелерi немесе топырақ жоқ учаскелерi пайдаланылады.

Топырақ жамылғысының бұзылу сипатына қарай және өткiзу iс-шаралар бойынша бүлiнген жерлердi пайдалануға жарамды шаруашылық мақсаттар үшiн қалпына келтiру жобасы дайындалады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрiнiң м.а. 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 346 бұйрығына сәйкес «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу бойынша нұсқаулықты бекiту туралы» қалпына келтiру жобасын әзiрлеу азаматтар және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады.

Бүгiнгi таңда, қалпына келтiру жобасын келiсу ресiмi мемлекеттiк қызмет көрсету болып табылады. Тәртiбiнiң бұзылуын көрсету және мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты мерзiмi болдырмау мақсатында «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 4 шiлдедегi № 285 бұйрығы әзiрлендi.

Стандарт негiзiнде мемлекеттiк қызметтi жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалармен көрсетiледi.

Бұл ретте, әдiстемеге сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органы берген (беретiн) жер учаскелердiң құрамындағы бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсудi облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы, ал қалған жағдайда — бүлiнген жерлердiң орналасқан жерi бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Ақмола облысының жер қатынастары басқармасымен әдiстемеге сәйкес жалпы алаңы 643,6 гектар 10 бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобалары келiсiлдi.

Ахметова Д.М. бас маман
ММ «Ақмола облысының жер
қатынастары басқармасы»

Мақаланың шыққан күні: 04.09.2018 10:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.09.2018 10:48
Қаралым саны: 315

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz