Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн калай алуға болады?

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекiтiлген Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқықтар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жер заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес, сұраныс салынған жер учаскесi орналасқан жерi бойынша жер учаскенi беру жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiне жатады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-бабынын 3-тармағына сәйкес жер учаскелерiне меншiк және жер пайдалану құқығының өздерiне берiлуiне мүдделi, жеке заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш берiледi.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 44-1 бабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi сұратылған кезде азаматтардың өтiнiштерi (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөлiп берiлетiн алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерiн бөлу үшiн су және электр қуатымен қамтамасыз етiлген сәйкес келетiн алаңшалар дайын болу мөлшерiнде және кезектiлiк тәртiбiнде, жер учаскелерiн беру жүзеге асырылады.

Жер заңнамасымен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн кезексiз және жеңiлдiкпен жер учаскенiң берiлуi қарастырылмаған.

2. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiн қалай алуға болады ?

ҚР Жер кодексiнiң 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншiгiндегi бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телiмдерiнiң немесе жер телiмдерiне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткiзу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарламаны жариялау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органының сайтында жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс жер коммисиясымен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Конкурстың жеңiмпазы бизнес-жоспарға сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетiлген инвестицияның болжамды көлемi бойынша баллдарды беру арқылы, бағаланады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, облыстың аудандары мен қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн беруге конкурс жариялағаннан кейiн әр жеке немесе заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

Мақаланы құрған күні 18.09.2019 15:58
Мақаланы жаңартқан күні 18.09.2019 15:58
Қаралым саны: 155
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы