Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Жеке меншікке және уақытша өтеулі, 5 жыл мерзімге сатып алу құқығымен ұсынатын жер учаскілерінің ақпараттық хабарламасы

2019 жылдың 13 наурызда сағат 10.00-де Акмола облысы, Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 141 (Көкшетау қаласының әкімдік ғимараты, үлкен мәжіліс залы) мекенжайы бойынша, «Ағылшын» бағаның өсу әдісімен аукцион өткізіледі.

Сатуға қоса тіркеледі:

Жер учаскесінің орналасқан мекен жайы Аумағы (га) Жер учаскесінің пайдалану мақсаты Жер учаскесінің жыл сайынғы жалдау төлемінің көлемі, теңге Жер учаскесін жалға алу құқығының бастапқы бағасы (кадастрлық (бағалау) құнынаң 10 %), теңге Кепілдік жарна сомасы (50 АЕК)/Сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасынан 5%, теңге  
 
1 Көкшетау қ., М. Әуезов к-сі, 172 А 0,0600 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін 6 253 126 000 126 250  
2 Көкшетау қ. Нефтебазовка үйі 1 В (үйдің төресі) 0,0050 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 507 10 238 126 250  
3 Көкшетау қ., Абылай хан көшесі, 30 0,0036 екінші шикізатты қабылдау пункті үшін 365 7 371 126 250  
4 Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 89 "А үй ауданы" 0,0025 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 261 5 250 126 250  
5 Көкшетау қ., Станционный к. 1,3100 логистикалық орталықтың құрылысы үшін (шикізатты қабылдау және тиеу) 74 635 2 682 225 134 111  
6 Көкшетау қ., Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 44 А 0,0025 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 181 1 315 126 250  
7 Көкшетау қ., Станционный к., Юбилейная к-сі 18 В 0,0400 дүкен салу үшін 2 279 81 900 126 250  
8 Көкшетау қ., Тәшенов және Баймұқанов көшелерінің бұрышында 164 үй ауданы 0,0036 екінші шикізатты қабылдау пункті үшін 375 7 560 126 250  
9 Көкшетау қ., Абай к. 51 үй. 0,0036 екінші шикізатты қабылдау пункті үшін 375 7 560 126 250  
10 Көкшетау қ. М.Әуезов 151 үй. 0,0002 стелла жарнама конструкциясын орнату үшін 21 420 126 250  
11 Көкшетау қ., Құдайбердиев к., ауданы 234 үй 0,0030 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 521 6 300 126 250  
12 Көкшетау қ., Абылай хан даңғылы, ауданы 5 үй 0,0040 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 406 8 400 126 250  
13 Көкшетау қ., автобус алаңы мен Железнодорожная к-сі, 100 0,0020 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 192 4 200 126 250  
14 Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 32 үй ауданы 0,0050 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 507 10 238 126 250  
15 Көкшетау қ., Ғабдуллин және Әбілқасымов көш. қиылысы 0,0002 билборд орнату және қызмет көрсету үшін 21 420 126 250  
16 Көкшетау қ., ш / а. Бірлік, Дружба және Қоңырат көш. 0,0050 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 386 6 563 126 250  
17 Көкшетау қ., Әуелбеков көш., арасында 157 және 159 үй 0,0002 жарнамалық белгілерді орнату үшін 21 420 126 250  
18 Көкшетау қ., Станционный к., Линейная к-сі, 23 А үй 0,0050 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 284 10 238 126 250  
19 Көкшетау қ., Абылай хан көш, 28 0,0050 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 507 10 238 126 250  
20 Көкшетау қ., М. Сағдиев к-сі, "Сәтті" СҮ және ОӘД ауданы 0,0063 жарнамалық конструкцияларды орналастыру үшін 657 13 230 126 250  
21 Көкшетау қ. - Красный Яр с. тас жолы бойынша, 5 саяжай аялдамасы ауданы 0,0020 күрделі құрылыс құқығынсыз аялдама кешені бар сауда павильонын орнату үшін 145 2 415 126 250  
22 Көкшетау қ., Строительная к-сі, 5Б 0,0045 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 456 9 450 126 250  
23 Көкшетау қ., Ғабдуллин көш., 40 Б 0,0006 "стелла" жарнама конструкциясын орнату үшін 63 1 260 126 250  
24 Көкшетау қ., Горький к-сі, 3/8 0,1500 ғимараттар мен құрылыстарды орнату үшін 15 633 315 000 126 250  
25 Көкшетау қаласы, Красный яр ауылы, Желтоқсан және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы 0,0031 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 224 1 589 126 250  

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, " Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ-мен Көкшетау қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50%мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Кепілдік жарна депозит шотына салынады: ИИК KZ050705034630251006, Ақмола облысының Қаржы Департаменты, БИК KKMFKZ2A,

БСН 050140008027, ММ кодтары 4630251, КНП 171, КБЕ 12

Ескертпе: әрбір сауда-саттық объектісі бойынша кепілдік жарна жеке енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжат; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі. Шетел азаматтары және шетелдік заңды тұлғалар қазақ және орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған шетел паспорты мен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Қатысушылар кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретте бір кепілдік жарна бір жер учаскесін сатып алуға құқық береді.

Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау және аукционда қатысушылардың тіркелуі хабарлама берген күннен басталады. Мына мекенжайы бойынша: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, 4 қабат, 417 кабинет. 2019 жылдың 12 наурызда сағат 10.00-де аяқталады.

Аукционда қатысушы ретінде тіркелу үшін көрсету қажет ететін құжаттар: 1. Аукционда қатысу үшін өтінім. 2. Құжат, жеке куәлік. 3. Кепілдік жарнаға салуды растайтын төлем құжаттың көшірмесі. 4. Аукционда қатысуға берілген сенімді өкілдің сенімхаты. Заңды тұлғалар қосымша нотариалды расталған жарығының көшірмесі мен заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелу куәлігін береді.

Анықтама телефоны 251580, 254679, 253556.

Мақаланы құрған күні 04.03.2019 11:50
Мақаланы жаңартқан күні 04.03.2019 11:50
Қаралым саны: 976
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы