AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамадағы өзгерістер!

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2019 жылғы 21 қаңтардағы бұйрығымен «Сауда-саттықты конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты қайта бекiтiлдi. Бұл қызметтi көрсету екi кезеңге бөлiндi, сондай-ақ өтiнiштердi қарау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру қызмет берушiнiң кеңсесiнен басқа «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясымен толықтырылды.

Басқармамен осы қызметке регламент әзiрледi, ол облыс әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 12 шiлдедегi № A-7/315 қаулысымен бекiтiлген.

Мақаланы құрған күні 06.08.2019 09:14
Мақаланы жаңартқан күні 06.08.2019 09:14
Қаралым саны: 64
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы