A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Жер заңнамасындағы өзгертулер

Жер заңнамасы кез келген құқық саласы ретiнде үздiксiз дамытуда орналасқан. 2015 ж. соңғы тоқсаны жер заңнамасында бiрқатар елеулi өзгерiстерге толы болды. Көрсетiлген кезеңде жер қатынастары саласын қозғайтын 8 нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды, оның iшiнде заң түрiнде 7.

2015 жылғы 02 қарашадағы №389 «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңына ең елеулi өзгерiстер енгiзiледi.

ҚР ЖК 101 б. 1 т. және 97 б. 6 т. жаңа редакцияға сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, орман өсiрудi, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi тек қана жеке меншiкке берiлетiн болады. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жер пайдалану құқығы тек қана ғылыми-зерттеу, тәжiрибе және оқу мақсаттарына, бау-бақша мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын жүргiзу үшiн берiледi.

Ерекше тоқталатын ҚР ЖК 171 б. тоқталу қажет, енгiзiлген өзгертулерге сәйкес, жер учаскелер 2016 жылдың 01 шiлдеге дейiн берiлген азаматтар және заңды тұлғалар жалға алу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн 10 жылға дейiн мәулетпен кадастрлық құныңан 50 пайызға тең болатын жеңiлдiк бағасы бойынша жер учаскенi меншiкке сатып алуға құқылы, бұл ретте егер жер пайдаланушы сатып алу құқығын iске асырмаса, оның жер пайдалану құқығы қысқартылуға жатады.

ҚР азаматтары және ҚР мемлекеттiк емес заңды тұлғалар шаруа қожалығын жүргiзу немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн бұрын алынған жер учаскесi 2016 жылдың 01 шiлдеге дейiн берiлген кадастрлық құныңан 50 пайыз кем болмайтын жер учаскесiне қосымша ақы төлеу алусыз жер учаскенiң меншiк иесi болады.

Жаппай меншiк құқығын ауыл шаруашылық жерлерiне енгiзу азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың экономикалық айналымға қосымша құралы ретiнде және ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң жауапкершiлiгiн арттырады, осылайша жер нарығын дамытуын жандандырады.

 

Құқықтық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы А. Сергазин

 

Жүктеу (HTML 5 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2017 16:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.10.2017 16:22
Қаралым саны: 1269

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz