A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Оңтайландыру мен автоматтандыруға бағдарланған бағыт

Әкiмшiлiк кедергiлердi қысқарту және жеңiлдету мақсатында мемлекет тарапынан азаматтар мен заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн одан әрi оңтайландыру, қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар мүмкiндiктерiн барынша енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартының көпшiлiгi 2015 жылдың мамыр айында қайта бекiтiлiп, жүргiзiлiп отырған саясат бойынша барынша рәсiмдерiн оңайлату және құжаттар тiзбесiн қысқарту арқылы әзiрлендi.

«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 37 жұмыс күнiнен 30 күнтiзбелiк күнге дейiн, «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне аударуына шешiм беру» мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 95 жұмыс күнiнен 30 күнтiзбелiк күнге дейiн қысқартылды.

«Iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануына шешiм беру» мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 10 жұмыс күнге белгiлендi. Осы қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы тек өтiнiш, жеке куәлiгiн, жер учаскесiнiң жоспарын (схеманы), iздестiру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшiрмесiн бередi.

«Мемлекеттiк меншiгiнде болатын, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) жүргiзуге талап етпейтiн жер учаскелерiн сатып алу» стандарты қолданысқа енгiзiлген мемлекеттiк қызметтер стандарттардың соңғысы болып табылады.

Бекiтiлген Стандартта тек үш құжаттың беруi қарастырылған: өтiнiш, жеке куәлiгi, жер учаскесiнiң орналасу схемалары.

Стандарттарды қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi айтарлықтай қысқартылды, сондай-ақ құжаттар тiзбесi ең азы.

Жер ресурстары ұлттық байлық екендiгiн есте сақтау керек. Оны тиiмдi және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мемлекеттiк саясаттың стратегиялық бағыттарының бiрi болып табылады. Осыған байланысты, жер қатынастары саласындағы ең маңыздысы — мемлекеттiк қызмет көрсету.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсетуге жататын азаматтардың және заңды тұлғалардың жер учаскелерiне құқық алу әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатады, алдағы уақытта оның құқығын жою, сот тәртiбiнде ғана мүмкiн болады.

Сондықтан, жер ресурстарына қатысты мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн жетiлдiру, сондай-ақ бизнес-үдерiстердi одан әрi оңтайландыру, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн және қажеттi құжаттар тiзбесiн қысқарту жөнiндегi мәселелер мұқият және егжей-тегжейлi зерттелуi қажет.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң оңтайландыруға және автоматтандыруға бағдарланған бағытының өзiндiк артықшылықтары бар. Бизнес-үдерiстердi одан әрi оңтайландыру, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн және қажеттi құжаттар тiзбесiн қысқарту процестерiн жалғастыру үшiн ақпараттық базаларды, сонымен қатар мемлекеттiк органдар арасында ықпалдастыруды одан әрi қалыптастыру және жетiлдiру қажет.

 

Жүктеу (HTML 6 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2017 16:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.10.2017 16:26
Қаралым саны: 2081

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz