A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа Стандарттар

Айқын және бiркелкi, стандарттар және регламенттер арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуде ашық және тиiмдi процесстерiн ұйымдастыру қызмет көрсету кезiнде субъективтi тәсiлдiң кiрiп кетпеуiне ықпал етедi, мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлық дәрежесiн барынша азайтады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 7 сәуiрдегi №177 Қаулысымен Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмi жер қатынастары саласында жаңа қызмет көрсетумен толықтырылды:

- «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру»;

- «Жер учаскелердiң бөлiңетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау».

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрiнiң 2017 жылғы 4 шiлдедегi №285 бұйрығымен жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Стандарттар бекiтiлген.

Осы қызмет көрсетудiң мерзiмi — 15 күнтiзбелiк күн. Ұсынылған құжаттардың толық болмауының фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi 2 (екi) жұмыс күнi мерзiмiндеөтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап бередi.

«Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» Қызмет көрсету бойынша қажеттi құжаттардың тiзбесiне: нысан бойынша өтiнiш, жеке басын куәландыратын құжат; Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасы. «Жер учаскелердiң бөлiңетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» қызмет көрсету бойынша өтiнiш және жеке куәлiгiмен қатар, сонымен қатар жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын ұсыну қажет.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру және өтiнiш қабылдау Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы, аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының  — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

Қазiргi таңда, жер қатынастары бойынша орталық уәкiлеттi органымен «Азаматтарға арналған Үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуде ауыстыру бөлiгiндегi жоғарыда көрсетiлген Стандарттарға өзгертулер енгiзу жұмыстары жүргiзiлетiнiн ескеру қажет.

Орын: Р. Карымсакова

Мақаланың шыққан күні: 09.02.2018 11:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.02.2018 11:24
Қаралым саны: 1283

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz