A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жерді қайта тіркеу қажеттілігі туралы

ҚР Жер кодексiнiң 23 бабына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе ҚР Жер кодексiнiң 66 бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелерi шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлi-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғаларға және шетелдiк қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына меншiк құқығымен тиесiлi болмайды.

Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдiктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлi-зайыпты болған) кезде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуiнде орналасқан жер учаскелерiне меншiк құқығы ҚР Жер кодексiнiң 66 бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге немесе иелiктен шығарылуға жатады.

ҚР Жер кодексiнiң 66 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша тұлға жер учаскесiне ҚР Жер кодексiнiң белгiленген нормаларға сәйкес оған (тұлғаға) тиесiлi болмайтын құқықты алатын жағдайларда, аталған құқық Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген ережелер бойынша үш ай iшiнде иелiктен шығарылуға тиiс немесе аталған мерзiмде ҚР Жер кодекске сәйкес жерге сондай субъектiге тиесiлi болатын құқық етiп қайта ресiмделуге тиiс.

Жоғарыда көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органы (Әкiмдiк) жер учаскесiн орналасқаны жер бойынша қайтару туралы талап-арыз бередi.

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы
Бас маманы Вазиров А.К.

Мақаланың шыққан күні: 11.07.2018 16:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.07.2018 16:59
Қаралым саны: 14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz