A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 3 қаңтардағы № А-1/3 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 29 қаңтарда № 6368 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi.

Құжаттың мәтiнiнде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) "Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) "Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С.Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмiМ.Мырзалин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2018 жылғы 3 қаңтардағы

№ А-1/3 қаулысымен

бекiтiлген

"Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен, Ақмола облысы аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жер қатынастары бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын бере отырып, жазбаша келiсу не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 4 шiлдедегi № 285 бұйрығымен (Нормативтiқ құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15846 болып тiркелген) бекiтiлген "Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды тексередi және ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсыну фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша түрде уәждi бас тартуды дайындайды — 1 жұмыс күн;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толық болу фактiсi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 11 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қояды — 1 сағат;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны орындау;

3) ұсынылған құжаттарды тексеру;

4) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасы;

5) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қою;

6) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды тексередi және ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсыну фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша түрде уәждi бас тартуды дайындайды — 1 жұмыс күн;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толық болу фактiсi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 11 күнтiзбелiк күн;

5) мемлекеттiк қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қояды — 1 сағат;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 269 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018 17:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2018 17:40
Қаралым саны: 842

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz