A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғам (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар пакетi тапсырылған күннен бастап немесе порталға жүгiнген кезде — 10 (он) жұмыс күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi анықталған жағдайда көрсетiлген қызметтердi берушi белгiленген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қатыстырудан дәлелдi жазбаша бас тарту бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрi — рұқсат).

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.

Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру туралы қаулыны қағаз жеткiзгiште алуға жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады және мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан

әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштер қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiнде көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық кезек» тәртiбiнде көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

3) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлген қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның өкiлеттi өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

3) iздестiру жұмыстарын жүргiзу ауданының жоспары (схема);

4) iздестiру жұмыстарын орындауға берiлген тапсырманың көшiрмесi.

Құжаттардың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады;

порталға:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм;

2) iздестiру жұмыстарын жүргiзу учаскесi жоспарының (схемасы) электрондық көшiрмесi;

3) iздестiру жұмыстарын орындауға берiлген тапсырманың электрондық көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар), жер учаскесiне сәйкестендiру және құқық растау құжаты туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi және көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады;

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар пакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

порталға — «жеке кабинетке» мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жолданады.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның өкiлеттi өкiлi) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлген қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi Министрлiк басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй мекенжайы бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады;

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен», көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Портал арқылы өтiнiш берген жағдайда шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы электрондық түрде жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерге барып жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың «жеке кабинетi» арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414.

«Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер
учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
1-қосымша

______________________(облыс, қала, аудан)әкiмiне

_____________________________________________

(облыс, қала) _______________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

_____________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

_____________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

ЖСН (БСН)___________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

____________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

____________________________________________

деректемелерi, байланыс телефоны,

____________________________________________

мекенжайы)

Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру туралы өтiнiш

___________________________________________________________ бойынша (жер учаскесiнiң мекенжайы (орналасқан орны)

орналасқан, алаңы____________________________________________________

(алқап түрiн көрсету)

жер учаскесiн ______________ мерзiмге

дейiн____________________________________

______________________________________________негiзiнде жүргiзiлетiн

___________________________________________________________жұмыстарды

(iздестiру жұмыстарының түрiн және мақсатын көрсету)

жұмыстарды жүргiзу кестесi___________________________________________

жұмыстарын жүргiзу үшiн пайдалануға рұқсат беруiңiздi өтiнемiн.

Жер кодексiнiң 71-бабына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргiзуге байланысты жер учаскесiн пайдалану шарттарын қабылдауға мiндеттенемiн.

_____________________________________________________________________

(келiсу)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм беремiн.

Күнi __________ Өтiнiш берушi________________________________

(жеке тұлғаның немесе заңды

_________________________________

тұлғаның не уәкiлеттi адамның

_______________________________

тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

 

Жүктеу (HTML 33 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2017 16:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:14
Қаралым саны: 1922

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz