Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 бұйрығына қосымша

"Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 25.01.2019 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорациясы);

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1 — кезең: келiсушi органдар мен ұйымдардың оң қорытындылары бар жер учаскесiн таңдау актiсiн дайындау — 28 (жиырма сегiз) жұмыс күнi;

2 — кезең: түпкiлiктi таңдау актiсiн келiсу және көрсетiлетiн қызметтi алушының жер-кадастрлық жұмыстар жөнiндегi көрсетiлетiн қызмет үшiн ақы төлеуi кезiнде — жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм шығару — 22 (жиырма екi) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын бередi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер-кадастр жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмi не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

Көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз тасығышта алу үшiн жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделедi, қажет болған жағдайда, басып шығарылады және көрсетiлген қызметтi берушiнiң мөрiмен және уәкiлеттi адамының қолымен расталады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы негiзде көрсетiледi.

Ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екiншi деңгейдегi банктер арқылы Мемлекеттiк корпорацияның тиiстi филиалының есептiк шотына жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алуға электрондық сұраным берген кезде ақы төлеу "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегiз жасқа толғанға дейiнгi кезеңге жер учаскесiне арналған жер-кадастр жоспарын әзiрлеу ақысыз негiзде жүзеге асырылады.

8. Мыналардың:

1) Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жеделдетiп және алдын ала қызмет көрсетусiз "электрондық кезек" тәртiбiнде көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар Мемлекеттiк корпорацияға бiр данада мыналарды ұсынады:

1 — кезең:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiш;

2) жер учаскесiнiң орналасу схемасы;

3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

түпкiлiктi таңдау актiсiн келiсудi және жер-кадастрлық жұмыстар жөнiндегi көрсетiлетiн қызмет үшiн ақы төлеудi өтiнiш берушi 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады. Өтiнiш берушi келiспеген таңдау актiсiнiң қолданылу мерзiмi 10 (он) жұмыс күнiн құрайды. Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi алушыны хабардар ете отырып, келiсiлмеген таңдау актiсiн жою үшiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесiне қайтарады;

2 — кезең: келiсiлген түпкiлiктi таңдау актiсi.

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн түпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады;

порталға:

1 — кезең:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру туралы электрондық өтiнiш;

2) жер учаскесiнiң орналасу схемасының электрондық көшiрмесi;

түпкiлiктi таңдау актiсiн келiсудi және жер-кадастрлық жұмыстар жөнiндегi көрсетiлетiн қызмет үшiн ақы төлеудi өтiнiш берушi 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады. Өтiнiш берушi келiспеген таңдау актiсiнiң қолданылу мерзiмi он жұмыс күнiн құрайды. Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн, көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарлама жiберiледi;

2 — кезең: электрондық құжат нысанындағы түпкiлiктi келiсiлген таңдау актiсi.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi тiркеу туралы, дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы, жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын, жер учаскесiне арналған құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттарын растайтын, жер учаскесiне ауыртпалықтың жоқ екенi туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының төлем жасағанын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) растайтын мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi ЭҮТШ арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Құжаттар Мемлекеттiк корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға өтiнiштiң қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша оның өкiлiне) беру жеке куәлiгiн көрсеткен кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректер мен мәлiметтердiң 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 24-бабы 1-тармағының 2-бөлiгiнде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының 6-бөлiгiнде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының 2-бөлiгiнде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

11. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi осы Стандартқа сәйкес нысан бойынша өтiнiштi қабылдаудан басқа тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

12. Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына жұмыс күндерi осы Стандартқа 16-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қояды.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келiп түскен шағымның Мемлекеттiк корпорацияда қабылданғанын оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) растайды.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде, шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен, портал арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

14. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды бiрыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгiну жолымен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыскерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде;

3) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

18. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

"Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 24 Kb)

Мақаланы құрған күні 11.01.2017 16:42
Мақаланы жаңартқан күні 06.03.2019 17:31
Қаралым саны: 3317
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы