A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 4 шiлдедегi № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2017 жылғы 5 қазанда № 15846 болып тiркелдi

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң графикалық дерегiмен жобаланып отырған жер учаскесiн келiсу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның қазақ және орыс тiлдерiндегi көшiрмелерiн қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберiлуiн;

3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мерзiмдi баспа басылымдарына ресми жариялауға жiберiлуiн;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары —

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрiА. Мырзахметов

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрi

________________ Д. Абаев

2017 жылғы 28 тамыз

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрi

________________ Ж. Қасымбек

2017 жылғы 4 қыркүйек

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрi

________________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы 6 қыркүйек

Жүктеу  (DOCX 103 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018 17:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2018 17:31
Қаралым саны: 884

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz