AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету бойынша Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының қызметі туралы 2017 жылы бойынша есебі

1.Жалпы ережелер

1)Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (әрi қарай — Басқарма), Қазақстан Республикасының құзыретiне сәйкес жер қатынастары саласында басшылық ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ (әрi-қарай -Басқарма), Көкшетау қ. Сатпаева көшесi, 1 «Б» үй мекен-жайында орналасқан, тел.25-34-71, сайт uzo.akmol.gov.kz, e-mail: p.priemnaya@akmo.gov.kz.

Басқарманың басшысы Қадыралина Алмагүл Аманжолқызы.

2)Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат

Бүгiнгi күнде жер қатынастары бойынша облыстық және аудандық атқарушы органдарымен, ауылдық округтерiнiң және кенттердiң әкiмдерiмен көрсетiлетiн жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы саны 16 дана.

Оның iшiнде облыстық және аудандық деңгейiнде көрсетуi 15 қызметтен, 5 мемлекеттiк қызметi ауылдық округтерiнiң және кенттердiң әкiмдерiмен көрсетуге жатады.

16 мемлекеттiк rөрсетiлетiн қызметтерiнiң 5 қызметi альтернативтiк негiзiнде электрондық нысанында «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiлуiне жатады. (1. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру», 2. «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту», 3. «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру», 4. «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру», 5. «Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру» 6. «Жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiм қабылдау»)

Альтернативтiк негiзiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорация» КеАҚ арқылы 9 мелекеттiк қызметi көрсетiледi.

5 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi қызмет көрсетушiнiң кеңсесi арқылы алтернативтiк мүмкiндiгiнсiз көрсетiледi ("Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату», «Жер учаскесiн жекеменшiкке бөлiп төлеуге сату», «Жер учаскелерiн сатып алу-сату шарттарын жасасу», «Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу», «Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою»). 5 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi қызмет көрсетушiнiң кеңсесi арқылы алтернативтiк неңiзiнде көрсетiледi («Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу», «Жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiм қабылдау», «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру»).

Бiр мелекеттiк көрсетiлетiн қызмет өтеулi негiзiнде көрсетiлуiне жатады («Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру».).

Қағаз нысанында мелекеттiк қызметтердiң саны — 10 дана, қағаз және электрондық — 5.

3)Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

Облыс деңгейде көрсетiлетiн мелекеттiк қызметтердiң 9 түрiнен, барынша талап ететiн «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру», «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру», «Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер болып табылады. Жер қатынастары саласындағы мелекеттiк қызметтердiң қалған түрлерi аудандық деңгейiнде және ауылдық округтерi әкiмдерiмен көрсетiледi.

Басқармамен «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру» қызметтiн турi бойынша 7 қызмет көрсетiлдi, осы мелекеттiк қызметтiнен 4 бас тарту шығарылды. «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» қызметiнiң түрi бойынша 16 қызмет көрсетiлдi, 4 бас тарту шығарылды, «Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу» қызметiнiң түрi бойынша 3 қызмет көрсетiлдi.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1)Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер

Мелекеттiк қызметтер туралы заңнамасына сәйкес мелекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi бойынша ақпаратты uzo.akmol.gov.kz интернет-ресурсында, және Басқарманың жеке қабылдауында алуға болады.

2)Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мелекеттiк көрсетiлетiн қызметтер Стандартарын әзiрлеуi Басқарманың құзыретiне жатпайды.

3)Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2018 жылы мемлекеттiк қызметтер саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған келесi жұмыстар атқарылды.

2018 жылдың 24 қаңтарында Басқармамен «Халыққа қызмет көрсету орталығы — «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КеАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы Департаментiнiң ғимаратында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi» өттi.

Жәрмеңкенiң ашылуы туралы 13 қаңтарда облыстық «Акмолинская правда» газетiнде, сондай-ақ Басқарманың веб-сайтында жарияланды. Алдын-ала мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша түсiндiру сипаттағы ақпараттық-анықтамалық материалдар, брошюралар жасалынды.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi барысында Басқарманың қызметкерлерiмен Ақмола облысының азаматтарына жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк қызметтердi алу тәртiбi туралы тиiстi консультациялар, сондай-ақ жер заңнамасының нормалары бойынша түсiнiктеме берiлдi.

2018 жылдың 19 ақпанында ҚР АШМ өткiзiлген пилоттық режимде жер учаскенi заңдастыру және тiркеу бойынша қызметтi көрсету регдаментiнiң жобасын әзiрлеу мәселелерi бойынша жиналысқа қатыстық.

2018 жылдың 3 наурызында облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары қатысуымен, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудан әкiмдерiнiң орынбасарларының, аудандық (қалалық) жер қатынастары, сәулет бөлiмдерiнiң басшыларымен, облыстық және аудандық Ақмола облысы бойынша ЖКжЖМТҚ департаментi филиалдарының басшыларының қатысуымен «2017 жылы бойынша жер қатынастары саласында нәтижелерi және 2018 жылға мiндеттер туралы» Ақмола облысының Тексеру комиссиясының аудиторлық есебi қортытындыларын және басқа да ағымдағы мәселелердi қарау» туралы жиналыс өткiзiлдi. Осы жиналыстың шеңберiнде «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау», «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» жаңа мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi бойынша мәселесi қаралды.

2018 жылғы 27 сәуiрде Басқармамен ҚР Заңының жобасын түсiндiру бойынша «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу» iс-шара ұйымдастырылған.

2018 жылғы 14 мамырында Басқармамен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу» ҚР Заңының жобасын түсiндiру бойынша, оның ,шiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмметр туралы мәселелер қарастырылған дөнгелек үстел ұйымдастырылған.

Басқармамен облыстың 19 аймағында 2018 жылғы 04 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу» ҚР Заңының жобасын түсiндiру бойынша, оның шiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы мәселелер қарастырылған кеңес үйымдастырылды.

Басқарма Премьер-Министрiнiң орынбасары А. Жұмағалиевтiң төрағалығымен 09.07.2018 ж. өткен «Жер учаскелерiн және техникалық сипаттамаларды беру тәртiбiн цифрландыру туралы» мәселесi қарастырылған жиналысына қатысты. Осы жиналыстың нәтижесi бойынша жоғарыда аталған мәселесiне қатысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлiгi және «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингi» АҚ-ның атына сәйкес ұсыныстар енгiзiлдi.

2018 жылдың 3 тамызында Басқармамен «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» және «Елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру» мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы iс-шара барысында проблемалық мәселелер талқыланды және осы қызметтердi ұсыну тәртiбi туралы ұсынымдар әзiрлендi.

2018 жылдың 19 қыркүйегiнде «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттырудың жаңа мүмкiндiктерi туралы» семинарына қатысты. Осы шарада мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсартудың жаңа мүмкiндiктерi, мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезенiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қыылмыстардың алдын алу бойынша алдын алу шараларын қабылдау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыруға бағытталған азаматтық қоғамның белсендiлiгi туралы түсiндiрiлдi.

Басқармамен 2018 жылдың 09 қарашасында облыс әкiмi орынбасары А.Үйсiмбаевтың төрағалығымен, аймақтық мемлекеттiк органдарының, облыс аппараты өкiлдерiнiң, облыс аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң орынбасарларының, жер қатынастары басқармасының басшысы және орынбасары, облыстық атқарушы органдардың басшылары, «Азаматтарға арналған Үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ өкiлдерiнiң, аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлiмдерiнiң басшыларының, аудандық (қалалық) сәулет және қала құрылысы органдардың өкiлдерiнiң қатысуымен жер қатынастары саласындағы ақымдық мәселелердi қарастыру және жер заңнамасының нормаларын түсiндiру бойынша жиналыстың өткiзiлуi ұйымдастырылды.

Жоғарыда көрсетiлген iс-шараның күн тәртiбi бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң, облыс әкiмi аппаратының өкiлдерi сыртқы және iшкi қадағалау өткiзген кезiнде анықталғанжер қатынастары және сәулет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жергiлiктi атқарушы органдар жол берген негiзгi бұзушылықтарды түсiндiре отырып сөз сөйледi.

Кеңеске қатысушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша сөз сөйлеушiлерге сұрақтар қоюға мүмкiндiк берiлдi.

2018 жылдың 30 қарашасында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң тегiн көмегiн көрсету мақсатында Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiне "РИО" сауда-ойын-сауық орталығында өткен "Халық заңгерi" акциясына қатысты. Жер қатынастары саласында, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша 4 азаматқа 5 мәселе бойынша түсiнiктеме берiлдi.

2018 жылдың 20 желтоқсанында Ақмола медиа орталығында «Ақмола облысының жерқатынастары басқармасы» бұқаралық ақпарат өкiлдерi «Акмолинская правда», «Степной маяк», «Арқа жары», сондай-ақ «Қазақстан Көкшетау» теле арнасының қатысуымен брифинг өттi.

Брифинг барысында жер қатынастары саласындағы оның iшiнде 2018 жылға дейiн жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша мәселелердi қарастырды:

Брифингтiң қорытындысы бойынша басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерiне қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ келесi жылға арналған мiндеттер туралы түсiнiктеме бердi.

Бұдан басқа, Басқармамен қызмет алушылардың арасында құқық түсiндiру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргiзiледi.

Халықты ақпараттандыру мақсатында 2018 жылы 23 маусымда № 73 «Акмолинская правда» газетiнде «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң жаңа стандаттары» атты мақала жарияланды. Осы мақалада «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» және «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн стандарттарының ережелерi бойынша түсiндiру берiлдi. Осы басылымда 2018ж. 17 қарашасында № 136 (19672) газетiнде "Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн түсiндiретiн "Целевое назначение имеет значение" мақаласы жарияланды.

Бұдан басқа, «Региональная служба коммуникации» ақпараттық порталында және «instsgram» әлеуметтiк жүйесiнде «Ауыл шаруашылық алқаптарды трансформациялау» атты мақала жарияланды. Осы мақалада «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» және «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн стандарттарының ережелерi бойынша түсiндiру берiлдi.

3.Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1)Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

2018 жыл iшiнде ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi мен "Зерде "ұлттық инфокоммуникациялық холдингi" АҚ бизнес-үдерiстердi оңтайландыру және мемлекеттiк қызметтер көрсетудi автоматтандыру мақсатында жер учаскелерiн беру процесiн цифрландыру бойынша ұсыныстар әзiрлендi.

Жер қатынастары жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, Мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру мақсатында жер қатынастары саласында 6 мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру және композиттiк ұсыну жөнiнде ұсыныс жасады.

Осы мәселе бойынша әзiрленген заң жобасы жөнiндегi Басқармамен уәкiлеттi орталық атқарушы органға тиiстi ұсыныстар енгiзiлдi.

2)Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету процесстерiн жетiлдiру мақсатында, Басқарманың қызметкерлерi қайта дайындау бойынша шараларға тұрақты қатысады. 2018 жылғы 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында жер учаскелердi ұсыну және мемлекеттiк қызметтердi көрсету бөлiмiнiң бас маманы Г. Доманова ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында "Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы" тақырыбында бiлiктiлiктi арттыру курсынан өттi.

3)Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру.

Басқармамен мемлекеттiк қызметтердi көрсету заңнамасын жетiлдiру бойынша жүйелi негiзiнде ұсыныстар енгiзiледi.

Осылацша, 16.02.2018 ж. № 01-17/412 хатпен Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-үдерiстерiн реинжинирингтеу бойынша жұмыс тобының ұсынымдарын орындау бойынша Жол картасын iске асыруға қатысты ұсыныс енгiзiлдi.

10.07.2018 ж. № 01-17/1732 хатпен ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi мен "Зерде "Ұлттық инфокоммуникациялық холдингi" АҚ атына жер учаскелерiн беру және техникалық шарттарды беру рәсiмдерiн цифрландыру бойынша ұсыныстар енгiзiлдi.

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiне қатысты 2018ж 16.07 № 01-17/1784 хатымен ұсыныстар енгiзiлдi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1)Мемлекеттiк көрсетiлен қызметтер мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2018 жылда Басқарманың мекен-жайына қызмет алушылардан қызмет көрсетудiң сапасына шағымдар түскен жоқ.

2)Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi. Басқарманың қызметiнде бұзушылықтарды iшкi бақылау өткiзумен, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету бойынша анықталмаған

3)Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi.

2018 жылы уәкiлеттi органымен мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау өткiзiлген жоқ.

4)Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi.

Жер саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiне қоғамдық монитрингi жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Басқармамен үнемi негiзiнде мемлекеттiк қызметтердiң процесстерiн жетiлдiру бойынша сапасын iшкi қадағалау, семинарлармен брифингтерде қатысу, құқықтық түсiндiру жумыстарын өткiзу, мемлекеттiк қызметтердi көрсету туралы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу жолымен шаралар қолданылады.

2019 жылы Басқармамен облыс аймақтарында халыққа қолданыстағы жер заңнамасын түсiндiру бойынша, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы бiрлескен семинар-жиналыстарды өткiзу бойынша жұмыстарды жалғастыружоспарланған.

Мақаланы құрған күні 13.02.2019 15:18
Мақаланы жаңартқан күні 13.02.2019 15:18
Қаралым саны: 637
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы