A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Жер телiмдерiн беру мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы жер комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы жер комиссиясы (бұдан әрi -Жер комиссиясы) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiн орындау үшiн құрылды.

2.Жер комиссиясының құрамы облыстың жергiлiктi атқарушы органымен құрылады және тиiстi жергiлiктi өкiлдi органға бекiтуге жiбередi.

Жер комиссиясының құрамына:

1) жергiлiктi өкiлдi органның депутаттары;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органының, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi;

3) қоғамдық кеңестердiң, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекеттiк емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттiк емес ұйымдардың, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi кiредi.

Облыстық деңгейде құрылатын Жер комиссиясының құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамсыздандыру, су бұру саласындағы уәкiлеттi органдардың тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi де мiндеттi түрде кiредi.

Облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұйғаруы бойынша Жер комиссиясының құрамына басқа да тұлғалар кiруi мүмкiн.

Жер комиссиясы тұрақты негiзде жұмыс iстейдi. Жер комиссиясы мүшелерiнiң саны тақ болуы және тоғыз адамнан кем болмауы тиiс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекеттiк емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттiк емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiнiң саны Жер комиссиясы мүшелерi жалпы санының кемiнде елу пайызын құрауы тиiс.

Жер комиссиясының құрамы, төрағасын және Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43 бабы, 2-тармағы алтыншы бөлiгiнiң 2) және 4) тармақшаларында, жетiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында және сегiзiншi бөлiгiнде аталған адамдарды қоспағанда, бүкiл құрамы ауыстырыла отырып, келесi күнтiзбелiк он екi ай өткен соң жыл сайын бекiтiледi.

Жер комиссиясының төрағасы болып әкiмнiң жер мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары тағайындалады.

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы Жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

Жер комиссиясының хатшысы жұмыс органының лауазымды адамдарының арасынан айқындалады. Жер комиссиясының хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

Жер комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқыққа сыйымды деп есептеледi. Бұл ретте қоғамдық кеңестердiң, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекеттiк емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттiк емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қатысып отырған өкiлдерiнiң саны жер комиссиясының қатысып отырған мүшелерi жалпы санының кемiнде елу пайызын құрауға тиiс. Жер комиссиясының мүшелерi оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Жер комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысып отырған Жер комиссиясы мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен айқындалады және егер оған жер комиссиясы мүшелерiнiң көпшiлiгi дауыс берсе, шешiм қабылданды деп есептеледi.

Жер комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда, Жер комиссиясының мүшесi ерекше пiкiрiн бiлдiруге құқылы, бұл жазбаша түрде баяндалуға және Жер комиссиясының шешiмiне қоса берiлуi тиiс.

Жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегiмен мiндеттi түрде тiркеледi. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тiркеудi облыстың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

Жер комиссиясының хаттамалық шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Сотқа арыз беру Жер комиссиясының хаттамалық шешiмiн орындауды тоқтата тұрады.

Жер комиссиясы оң қорытындысының бiр данасы жерге орналастыру жобасын дайындау үшiн өтiнiш берушiге бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.

Қазақтан Республикасы Жер кодексiн 43-1-бабына сәйкес берiлетiн жер учаскелерiн қоспағанда, Жер комиссиясы оң қорытындысының қолданылу мерзiмi қабылданған күнiнен бастап бiр жылды құрайды. Бiржылдық мерзiмдi өткiзiп алу, жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшiн негiз болып табылады.

3.Жер комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексiне, сонымен қатар осы Ережеге және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.

4.Жер комиссия өз жұмысында заңдылық, лауазымды тұлғалардың өз әрекеттерi мен қабылдаған шешiмдерi үшiн жауапкершiлiгiнiң қағидаларын басшылыққа алады.

5.Жер комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, комиссия хатшысынан және комиссия мүшелерiнен құралады.

2. Жер комиссияның негiзгi мiндеттерi, атқаратын қызметi және құқықтары

6.Жер комиссияның негiзгi мiндеттерi: жер учаскелерiне құқықтар беру, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгерту және су қорының жерiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтiнiштердi (өтiнiмдердi) қарауға және қорытындыларды дайындауға

7.Заңнамада белгiленген тәртiппен келiсiмдерi бойынша сарапшылары мен кеңесшiлердi комиссия жұмысына қатыстыруға.

8.Жер комиссия өз құзыретi шегiнде қала, аудан әкiмдiктерiнен, облыстық басқармалардан, ведомстволардан (келiсiмдерi бойынша) өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi материалдар, ақпараттар мен құжаттар сұратып алуға құқылы.

3. Жер комиссияның қызметiн ұйымдастыру

9.Жер комиссиясының отырысы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.

10.Жер комиссия төрағасы комиссия қызметiн басқарады және оның отырыстарында төрағалық етедi.

11.Төраға болмаған кезде оның мiндеттерiн орынбасары атқарады.

12.Жер комиссиясының хатшысы:

1) Жер комиссиясының мүшелерiне оның отырысы өткiзiлетiн уақыты мен орнын хабарлап отырады;

2) Жер комиссиясының отырысының материалдарын дайындауды ұйымдастырады;

3) Жер комиссиясының хаттамасын жүргiзедi;

4) Жер комиссиясы төрағасының тапсырмалары бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

4. Жер комиссияның қызметiн тоқтату

13. Жер комиссиясы өз жұмысын Ақмола облысы әкiмдiгi қауылысының негiзiнде тоқтатады.

Мақаланың шыққан күні: 28.03.2018 10:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2019 11:55
Қаралым саны: 1443

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

land@akmo.kz