AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы қызмет алушының ескертпесі
1
көрсетілетін қызметті берушілер туралы ақпарат
атауы: Ақмола облысының жер қатынастары басқармасыжұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін.интернет-ресурстың мекенжайы: uzo.akmo.gov.kz
2 өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат; Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3 «электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат жоқ
4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5 мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі Көрсетілетін қызметті алушы (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге арналған өтініш;2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет етіледі);3) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы.
6 мемлекетітк қызмет көрсетудің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, жазбаша келісу не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
7 қосымша ақпарат (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда басқа да телефондық анықтамалық қызметтерінің нөмірлері).) .
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" – "Жергілікті атқарушы органдар" кіші бөлімінде орналасқан.Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
Мақаланы құрған күні 05.03.2018 17:47
Мақаланы жаңартқан күні 03.04.2019 11:26
Қаралым саны: 2053
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы