A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттIк қызмет паспорты

«Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттiк қызмет паспорты

1 Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы);; 3) www.egov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде  - 10 (он) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.  
3 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.  
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы
5 Көрсетілетін қызмет бағасы және төлем тәртібі Тегін көрсетіледі
6 Жұмыс кестесі Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі. 2)Мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек»  тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады; 3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілген қзметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).   
7 Қажетті құжаттардың тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге,  Мемлекеттік корпорациясы жүгінген кезде: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема); 4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі. Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады; 2)  Мемлекеттік корпорациясы жүгінген кезде: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схемасы); 4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі. порталда: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданы жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі; 3) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың электрондық көшірмесі.
8 Шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясы және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына мына Министрліктің мекен-жай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорациясы басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды  Мемлекеттік корпорациясы кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады. Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады. Шағымда: 1) жеке тұлға үшін - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы; 2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе  Мемлекеттік корпорациясы атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорациясыкеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
9 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде 
электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің 
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. economy.gov.kz интернет-ресурсында; 2) Мемлекеттік корпорациясы www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.  

 

Мақаланың шыққан күні: 13.01.2017 12:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2017 12:56
Қаралым саны: 1992

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz