A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекIту» мемлекеттIк қызмет паспорты

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту»

мемлекеттiк қызмет паспорты

1 Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Бекітілген жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы№
5 Көрсетілетін қызмет бағасы және төлем тәртібі Тегін көрсетіледі
6 Жұмыс кестесі Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі. 2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, кестеге сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; 3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілген қзметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 
7 Қажетті құжаттардың тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі):
      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) жерге орналастыру жобасы;
      4) мұнай және газды кейiн сақтау және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжат;
      порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
      2) жерге орналастыру жобасының электрондық көшірмесі;
      3) мұнай және газды кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
8 Шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына мына Министрліктің мекен-жай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады. Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады. Шағымда: 1) жеке тұлға үшін - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы; 2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
9 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде 
электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің 
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. economy.gov.kz интернет-ресурсында; 2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.    

 

Мақаланың шыққан күні: 13.01.2017 12:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2017 12:32
Қаралым саны: 1738

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz