A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттIк қызмет паспорты

«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»

мемлекеттiк қызмет паспорты

 

1 Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың поселкелік, ауылдық жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы); ; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап: жер учаскесін таңдау актісі - 28 жұмыс күнінде; жер часкесіне жер пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім - 2 жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім, жер-кадастр жоспары (1-қосымша), уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шарты немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
5 Көрсетілетін қызмет бағасы және төлем тәртібі Төлем  көрсетіледі
6 Жұмыс кестесі Жұмыс кестесі: 1) еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады; 2) порталда - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, ( өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
7 Қажетті құжаттардың тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1)  Мемлекеттік корпорациясына: өтінім осы мемлекеттік қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша; жер учаскесінің орналасқан жерінің схемасы; жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын анықтау үшін қажет);  Мемлекеттік корпорациясы қызметкері «Электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.  Мемлекеттік корпорациясы қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарымен басқаша көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметті пайдаланушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады. 2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының 4-қосымшасына сәйкес электронды форматты өтініші; электронды форматта жер учаскенің орналасқан сұлбасы;
8 Шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының,  Мемлекеттік корпорациясы және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым  Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорациясы басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымды  Мемлекеттік корпорациясы кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым сондай-ақ порталдың форумы арқылы www.1414.kz мекенжайы бойынша беріледі. Портал арқылы электрондық түрде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады. Шағымда: 1) жеке тұлға үшін - оның тегі, аты-жөні, пошталық мекен-жайы; 2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық амекен-жайы, шығыс нөмірі және күні. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе  Мемлекеттік корпорациясы атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорациясы кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
9 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде 
электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің 
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде; 3) Мемлекеттік корпорациясы www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Мақаланың шыққан күні: 13.01.2017 11:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2017 11:17
Қаралым саны: 2539

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz