A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Жемқорлықты бірге жеңейік

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiктiң бiрiншi күннен бастап тиiмдi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл механизмдердiң және институтардың әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн мақсатты және кезең-кезеңмен керек бағамымен барады.

Қазақстан Президентi Ұлт көшбасшысы — Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттi нәтижелi басқару үшiн негiзгi қасиеттердi атап көрсеттi. Бұл жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiби бiлiм, оны тәжiрибеде қолдана бiлу, адалдық, ақ ниеттiлiк, белсендi өмiрлiк ұстаным.

Мемлекеттiк қызметтегi әрбiр адам өз жұмысының барлық маңызын және өз елiнiң патриоты болу тиiс.

2006 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгiзiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi мемлекеттiк органдарға қоғамның сенiмiн нығайтуға бағытталған, қызметтiк қатынастарда және қызметтен тыс уақытта мiне-құлық стандарттары анықталған.

Меритократия принципiне сәйкес қызметтiк саты бойынша жоғарылату жеке мемлекеттiк қызметшiнiң жерлестер мен туыстығын жоятын, сiңiрген еңбегi мен жетiстiктерi, қабiлеттерi және кәсiби дайындық негiзде болып табылады.

Бүнгi күнге, бiздiң елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы әрекет етедi, «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңдары оның негiзi болып табылады.

Бүгiнгi таңда, сыбайлас жемқорлық мәселесi Қазақстанда ғана емес, көптеген әлем елдерi үшiн де өзектi мәселесi бiрi болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулердi бiлмейдi. Ол барлық жерлерде таралған.

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмiрдың барлық саласын толтырып құндылықтар жүйесiн енедi, бостандық және демократия негiздерiн, азаматтардың мемлекеттiк билiкке деген сенiмiн бұзады және экономикалық дамуда тежеу болып табылады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңына сәйкес -сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi.

ҚР Үкiметiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi №234 қаулысымен бекiтiлген, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру бойынша және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл бойынша iс-шараларын Жоспарын iске асыруға қатысты, 2018 жылғы 03 қаңтарда тиiстi жылсайынғы ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспары Басқармамен бекiтiлдi.

Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жер заңнамасының құқық қолдану практикасын түсiндiру жөнiнде сот және құқық қорғау органдарының шақыруымен жер қатынастары бойынша аудандық және қалалық уәкiлеттi органдарының қатысуымен семинарлар өткiзiледi және өзге ведомствоаралық iс-шараларында қатысады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып, тұрақты негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет және және басқа да мәселелер саласында Басқарманың қызметi туралы есебi көпшiлiк талқылау өткiзiледi. 2017 жылы және 2018 жылдың өткен мерзiмi бойынша Басқарманың қызметкерлерiмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi анықталмаған.

Басқарманың ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қызметi туралы арнайы бөлiм бар. Осы бағыттың жұмыс iстеуi жауапты қызметкермен бкiтiлген. Арнайы бөлiмде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрағы жөнiнде Басқарманың қызметiне қатысты ақпарат орналастырылады және жер құқық қатынастары сұрақтарының барлық спектрi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн беру мүмкiндерi қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк қызметтiң имиджiне терiс әсер етедi, азаматтардың сенiмiн, нарықтық экономикасының дамуына қауiп төндiредi, елдiң экономикалық және ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiредi.

Көрсетiлген iс-шараларды өткiзу Басқарма қызметкерлерiнiң ашықтығы мен айқындығына бағытталған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендетуге ықпал етедi, сондықтан тек қана бiрлесiп әрбiр тұлға құқыққа қарсы iс-әрекеттер болдырмау мәселелерi жөнiнде өз үлесiн қосқан кезде мұндай келеңсiз құбылысқа аталатын — сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға болады.

Мақаланың шыққан күні: 20.03.2018 09:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.03.2018 09:53
Қаралым саны: 863

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz