A- A A+
Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы
Басқарма туралы ереже

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2020 жылғы 15 қаңтардағы
№ А-1/16 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 01 шiлдедегi
№ А-8/330 қаулысымен
бекiтiлген

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген құзыретiне сәйкес Ақмола облысының аумағында жер қатынастары саласында басшылық етудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланктерi бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

4.«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiнiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiрiседi.

5. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiрiсуге құқылы, егер ол осыған заңнамаға сәйкес өкiлеттi болған жағдайда.

6.«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте басшының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7.«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8.Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесi, 1 үй, «Б» корпусы.

9.Мемлекеттiк органның толық атауы — «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттерден жүзеге асырылады.

12.«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2.Мемлекеттi органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
қызметтерi, құқықтары және мiндеттемелерi

13. Миссиясы: «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жер ресурстарын реттеу бойынша функцияларды орындайды.

14.Мiндетi:

1)Қазақстан Республикасы Жер кодексiмен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiмен және облыстың жергiлiктi атқарушы органының құқықтық актiлерiмен белгiленген өз құзыретiнiң шегiнде Ақмола облысының аумағында жер қатынастарын реттеу;

15.Функциялары:

1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлiгiнде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiрудi және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;

3) жер қойнауын пайдалану (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектiлерiн салу (реконструкциялау) мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшiн, магистральдық құбыржолдарды салу үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

4) облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

5) облыстың жергiлiктi атқарушы органының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша жасанды құрылыстар салу үшiн аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

6) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтажы үшiн жер учаскелерiн беру және алу жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

7)ҚР Жер кодекстiң 49-2 бабына сәйкес жердi резервте қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

8)өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

9)жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

10)облыстың жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

11)өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

12)жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

13)өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

14)аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;

15)ҚР Жер кодексiнiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

16)ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

17)жер-кадастрлық жоспарды бекiту жатады.

18)ҚР Жер кодексiнiң 69-бабына сәйкес, жұртшылық сервитуттарды құру бойынша ұсыныстар дайындау;

19)ҚР Жер кодексiнiң 13-бабындағы 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою;

20)мемлекеттiк қызметтер көрсету;

21)ҚР Жер кодексiнiң 90-бабымен қарастырылған, орман қорының жерлерiн қоспағанда, мемлекеттiк қажеттiлiгi үшiн жер учаскелердi беру және алып қою бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

22)Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы жер учаскелерiн беру мәселелерi жөнiндегi жер комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

23)Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жер учаскелерiн жалға берiлген шарттарын тәртiбiнде бұзу;

24)ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өндiртiп алу.

25)Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 50-бабындағы 2-тармағында көрсетiлген, жер учаскелердiң шектi (ең жоғары) мөлшерлерiн, ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) және ең аз мөлшерлерiн белгiлеу бойынша iс-шараларды ұйымдастыру;

26)ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

27)бiр ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жердi басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру бөлiгiнде жер қатынастарын реттеу;

28)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдiк заңды тұлғаларға беру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды орталық уәкiлеттi органның келiсуiне ұсыну бойынша ұсыныстарын дайындау;

16.Құқықтары және мiндеттерi:

1)жер қатынастары мәселесi бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелердiң иелерiнен және жер пайдаланушылардан қажеттi ақпаратты заңнамамен белгiленген тәртiпте сұрап алу;

2)жер қатынастары саласында қызметiн атқаратын, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерiнен және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдарынан заңнамамен белгiленген тәртiпте есептi және ағымдағы ақпаратты сұрап алу;

3)жер қатынастары саласында жергiлiктi атқарушы органдарымен қабылданған нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлерiне мониторинг жүргiзу, жергiлiктi атқарушы органға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды енгiзу бойынша, жер заңнамасына қарсы келетiн актiлердiң күшi жойылған деп тану немесе актiлердiң күшiн жою туралы ұсыныстарды енгiзу;

4)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негiздер бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды тиiстi органдарға енгiзу;

5)сот органдарында өзiнiң атынан, сондай-ақ әкiмдiктiң және облыс әкiмiнiң атынан талапкер ретiнде болу;

6)аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру бойынша және жауапты тұлғаларға қатысты тиiстi шаралар қолдану бойынша облыс әкiмiне, қадағалайтын облыс әкiмiнiң орынбасарына ұсыныстар енгiзу;

7)жер қатынастары саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдары жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру бойынша және жауапты тұлғаларға қатысты тиiстi шаралар қолдану бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерiне кепiлдемелердi енгiзу.

3.Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысымен «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшылығы жүзеге асырылады.

18. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы облыс әкiмiмен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

19. Басшының өкiлеттiгi:

орынбасарының, жер қатынастары басқармасының бөлiм басшыларының және «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басқа қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiн ынталандыру және оларға материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселесiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте шешедi;

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды;

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң, штат саны лимитiнiң шеңберiнде құрылымды, штат кестесiн, қызметшiлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерде, басқа ұйымдарда «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өкiлi болады;

өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша басшылықты жүзеге асырады;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет жасайды және мемлекеттiк мекемелерде, басқа ұйымдарда оның өкiлi болады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiктерi, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның мiндеттерiн орындайтын тұлғамен жүзеге асырылады.

20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.

Басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4.Мемлекеттiк органның мүлкi

21. Заңнамамен көзделген жайдайларда «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң бекiтiлген мүлкi облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 05.02.2016 12:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2020 16:59
Қаралым саны: 3976

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

land@aqmola.gov.kz