A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Шартты жер үлесінің кепілінде жерлерді беру кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың құқықтары.

Қазақстан Республикасында аграрлық секторының қарқынды дамуына байланысты жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының арасында өзара iс-қимыл мәселесi жөнiнде шағымдар саны артты. даулы мәселелердiң туындауына себептерiнiң бiрi екiншi деңгейдегi банктерiне және өзге де қаржы ұйымдарына шартты жер үлесiнiң кепiлiнде тұратын жерлердi беру болып табылады.

ҚР Жер Кодексiнiң 79-бабына сәйкес, ортақ меншiк жер учаскелерiне құқығы бар тұлғалар ортақ меншiк қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде жер учаскелерi кепiлге салына алады.

ҚР Заңының «Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер және қосымша жауапкершiлiк туралы» 43 бабының 2 тармағы 10 тармақшамына сәйкес, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне қатысушылардың серiктестiктiң бүкiл мүлкiн кепiлге беру туралы шешiм жатқызылады. Осы мәселе бойынша шешiм, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша, егер серiктестiктiң жарғысы олардың шешiм қабылдау үшiн көп дауыс санын немесе бiрауыздан дауыс берiлуi талап етпейтiн болса, жарғыда анықталған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бiлiктi көпшiлiктiң төрттен үш даусымен және ұсынылған серiктестiк жиналысының қатысушылармен қабылданады.

Жалпы жиналысының шешiмiне, заңға не серiктестiк жарғысына қайшы келетiн, соның iшiнде серiктестiк қатысушының құқығын бұзатын шешiм болуы мүмкiн деп танылса, дауыс беруге қатыспаған немесе қарсы дау айтылған шешiмдерге дауыс берген серiктестiк қатысушының арызы бойынша сот толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Сонымен бiрге шартты жер үлестерiнiң иеленушiлерi олардың кепiлге келiсiмi бергенi үшiн өздерiне белгiлi бiр тәуекелдi қабылдайды өйткенi шектеу түрiндегi кепiл серiктестiктiң құрамынан шығу құқығын iске асыруды кепiл түрiнде ауыртпалық алынғанға (өтелгеннен) дейiн болдырмайды.

Сондай-ақ, көп жағдайларда серiктестiктер банкрот деп танылады және кепiлге берiлген жер учаскелерiне құқық кепiл ұстаушыға ауысады, ол кейiннен оларды iске асыру туралы шешiм қабылдайды. Осылайша жер үлестерiн иеленушiлер шартты түрде осы жер құқығын жоғалтады.

ҚР «Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер туралы және қосымша жауапкершiлiк» Заңына сәкес, iшкi серiктестiктер мәселелерiн реттеу қызметi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында регламенттеледi. Бұл ретте, бақылау-қадағалау функцияларын орындалуы және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iшкi өзара қарым-қатынастарына араласу құзыретi кiрмейтiн жергiлiктi атқарушы органдардың бiрыңғай жүйесiне кiредi.

Осы айтылғандарды ескере отырып, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында туындаған даулы мәселелер болған жағдайларда барлық келiспеушiлiктер мен дауларды шешу тек сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

 

Жүктеу (HTML 6 Kb)

 

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының

құқықтық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы

Вазиров А. К.

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2017 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.10.2017 10:58
Қаралым саны: 919

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz