A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ А-1/3 қаулысымен
бекiтiлген

«Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен, Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының жер қатынастары бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация).

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 4 шiлдедегi № 285 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15846 болып тiркелген) бекiтiлген «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында қарастырылған негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Мемлекеттiк корпорацияға стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды тексередi және ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсыну фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша түрде бас тарту туралы уәждi дайындайды немесе мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға (бұдан әрi — келiсушi органдар) құжаттарды келiсуге жолдайды — 1 жұмыс күнi;

5) келiсушi органдар құжаттарды қарайды және қорытындыны көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысына жолдайды — 7 күнтiзбелiк күн;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы тиiстi қорытындылардың келiп түскен сәтiнен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 4 күнтiзбелiк күн;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қояды — 1 сағат;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi — 15 минут;

9) Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнкөрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттарды тексеру, құжаттарды қарау үшiн келiсушi органдарға жолдау;

4) қортытынды;

5) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасы;

6) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қою;

7) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

4) келiсушi органдар;

5) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi.

8. Әрбiр рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды тексередi және ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсыну фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша түрде бас тарту туралы уәждi дайындайды немесе мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға (бұдан әрi — келiсушi органдар) құжаттарды келiсуге жолдайды — 1 жұмыс күнi;

5) келiсушi органдар құжаттарды қарайды және қорытындыны көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысына жолдайды — 7 күнтiзбелiк күн;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы тиiстi қорытындылардың келiп түскен сәтiнен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 4 күнтiзбелiк күн;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасына қол қояды — 1 сағат;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi  — 15 минут;

9) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

4.Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi — 15 минут;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 — тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi — 15 минут;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын болған нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы мәлiметтер көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 52 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 18.07.2018 17:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.07.2018 17:10
Қаралым саны: 429

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz