A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекIту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы

әкiмдiгiнiң 2016 жылғы «___»________қаулысына

3-қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 15 қыркүйектегi
№ А-9/435 қаулысымен
бекiтiлдi

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру

жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың жер қатынастары басқармасымен, аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жер қатынастары бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорациясы);

3) «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — бекiтiлген жер учаскесiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобасы (бұдан әрi — бұйрық).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекiтiлген «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — ЕЛ МДБ АЖ) тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес келген жағдайда:

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы бұйрықтың

жобасын бекiту үшiн дайындайды — 4 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы бұйрыққа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi:

мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ЕЛ МДБ АЖ арқылы ұсынады — 15 минут;

мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз түрiнде алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш бiлдiрген жағдайда, ЕЛ МДБ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) құжатқа қол қойылады, басып шығарылады, мөрмен куәландырылады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолы қойылады — 1 сағат.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

4) өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

5) бұйрықтың жобасын бекiтуге дайындау;

6) бұйрыққа қол қою;

7) бұйрықты беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды, оларды ЕЛ МДБ АЖ арқылы тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес

келген жағдайда:

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы бұйрықтың

жобасын бекiту үшiн дайындайды — 4 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы бұйрыққа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi:

мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ЕЛ МДБ АЖ арқылы ұсынады -15 минут;

мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз түрiнде алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш бiлдiрген жағдайда, ЕЛ МДБ АЖ арқылы ЭЦҚ құжатқа қол қойылады, басып шығарылады, мөрбен куәландырылады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолы қойылады — 1 сағат.

4. Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не: заңды тұлғаның өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенiмхат бойынша уәкiлеттi өкiлi):

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

3) жерге орналастыру жобасы;

4) мұнай және газды кейiн сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесi сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлiгi инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжат;

порталға:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтiнiш;

2) жерге орналастыру жобасының электрондық көшiрмесi;

3) мұнай және газды кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ көлiгi инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесi сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлiгi инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжаттың электрондық көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi, көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге — өтiнiш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар пакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады;

Мемлекеттiк корпорацияға — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

порталда — «жеке кабинетке» мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

10. Мемлекеттiк корпорациясына өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi. 1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын болған нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi;

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш бiлдiру тәртiбi мен рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролiнiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркеудi iске асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖСН/БСН және паролiн Порталға енгiзу процесi (авторизация процесi). 1-шарт — Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң тұпнұсқалығын тексеру;

2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiнде қажет құжаттардың көшiрмелерiн бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электронды түрде сұраныстың нысанына тiркеу, сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды-цифрлық қолтанбаның (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдап алуы. 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұраныс салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қлыптастыру;

5-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен ЕЛ МДБ АЖ-мен қалыптастырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.


«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi
жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламентiне
1-қосымша


Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Портал — «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы;
ЕЛ МБД АЖ — «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасының ақпараттық жүйесi.

 

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi
жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламентiне
2-қосымша

 

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту»» мемлекеттiк қызмет көрсету
бизнес-процестерiнiң анықтамалығы 



 

 

 

 

 

 

 

 

Жүктеу (HTML 34 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 12:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:52
Қаралым саны: 1732

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz