A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 1 шiлдедегi № А-8/331 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 5 тамызда № 5491 болып тiркелдi

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                                                                             С.Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 1 шiлдегi
№ А-8/331 қаулысымен
бекiтiлдi

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергiлiктi атқаушы органдарымен, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтерiнiң әкiмдерiмен (бұдан әрi-көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы берiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм (бұдан әрi — шешiм) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығымен бекiтiлген "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiқ құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13652 болып тiркелдi) (бұдан әрi — Стандарт) 10 тармағында көрсетiлген жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды, құзыреттiлiгi бойынша жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi органның басшысына (әрi қарай — уәкiлеттi органның басшысына) орындау үшiн құжаттарды жолдайды — 1 сағат;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

4) Жер қатынастары саласында уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi (бұдан әрi — уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы) қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 жұмыс күнi;

5) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 сағат;

Стандарттың 9 — тармағында қарастырылған талаптарына құжаттар сәйкес келген жағдайда:

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы комиссияға құжаттарды жолдайды — 10 жұмыс күнi;

7) құжаттардың комиссияға келiп түскен күннен бастап комиссия жер учаскесiн беру жағдайы туралы хаттамалық шешiмнiң нысанында шығарады — 14 жұмыс күнi;

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10 тармағына сәйкес жер учаскесiн беруден бас тарту жағдайлардың негiзiнде:

8) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер учаскесiн беруден бас тарту шешiмiнiң жобасын дайындайды — 2 жұмыс күнi;

комиссияның оң қорытындысын шығару жағдайларында;

9) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы комиссияның сәйкестендiрiлген қорытындының келуiнен бастап және бекiтiлген жерқұрылысының жобасын беру, жобасының шешiмiн дайындайды және қызмет берушiнiң басшысына қол қоюына бередi — 2 жұмыс күнi;

10) мемлекеттiк қызметтi берушiнiң басшысы шешiмге қол қояды-1 сағат;

11) қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi:

мөрмен куәландырылған және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолы қойымен шешiм бередi — 1 сағат.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) құжаттарды қарау және оларды орындау үшiн жолдау;

3) жауапты орындаушыны орындау үшiн анықтау;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

5) өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

6)құжаттаманы қарау үшiн комиссияға жолдау;

7)жер учаскесiн беру мүмкiндiгi туралы қорытынды шығару;

8) шешiмнiң жобасын қол қою үшiн дайындау;

9)шешiмге қол қою;

10) шешiм беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiкеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) уәкiлеттi органның басшысы;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы;

5) комиссия.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және құзыреттiлiгi бойынша жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi органның басшысына орындау үшiн жолдайды — 1 сағат;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты — 1 жұмыс күнi;

5) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы өтiнiштi дайындайды — 1 жұмыс күнi;

Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес келген жағдайда:

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы құжаттаманы комиссияға жолдайды;

7) құжаттардың комиссияға келiп түскен күннен бастап комиссия жер учаскесiн беру жағдайы туралы хаттамалық шешiмнiң нысанында шығарады — 14 жұмыс күнi;

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10 тармағына сәйкес жер учаскесiн беруден бас тарту жағдайлардың негiзiнде:

8) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер учаскесiн беруден бас тарту шешiмiнiң жобасын дайындайды -2 жұмыс күнi;

комиссияның оң қорытынды шығару жағдайында:

9) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы комиссияның сәйкестендiрiлген қорытындының келуiнен бастап және бекiтiлген жерқұрылысының жобасын беру, жобасының шешiмiн дайындайды және қызмет берушiнiң басшысына қол қоюына бередi — 2 жұмыс күнi;

10) мемлекеттiк қызметтi берушiнiң басшысы шешiмге қол қояды-1 сағат;

11) қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мөрмен куәландырылған және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолы қойымен шешiм бередi — 1 сағат.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

                                                                                                         "Сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
регламентіне қосымша

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

 

Жүктеу (HTML 20 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 15:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 12:02
Қаралым саны: 2158

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz