Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 1 шiлдедегi
№ А-8/331 қаулысымен
бекiтiлген

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi немесе "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13652 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1-кезең: сұратылған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау, жер учаскесiн таңдау актiсiн дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, оларды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды — 15 (он бес) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi органның басшысы), сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң басшысына (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұратылған кезде) орындау үшiн жолдайды — 1 (бiр) жұмыс күнi;

3) уәкiлеттi органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 (бiр) сағат;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тiзiлiмiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының болуын тексередi — 1 (бiр) сағат;

егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тiзiлiмiнде болған жағдайларда:

5) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi қараудан бас тарту жобасын дайындайды — 1 (бiр) жұмыс күнi;

6) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi қараудан бас тартуға қол қояды -1 (бiр) сағат;

7) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi өтiнiштi қараудан бас тартуды тiркейдi және бередi — 15 (он бес) минут;

егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тiзiлiмiнде болмаған жағдайларда:

8) уәкiлеттi органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы сұратылып отырған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныс немесе жер учаскесiн таңдау актiсiн (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұратылған кезде) дайындайды және құжаттарды жер комиссиясына жолдайды — 8 (сегiз) жұмыс күнi;

9) уәкiлеттi органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы сұратылып отырған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсынысты немесе жер учаскесiн таңдау актiсiн ұсынған сәттен бастап жер комиссиясы хаттамалық шешiм нысанында жер учаскесiн беру мүмкiндiгi туралы қорытынды шығарады — 5 (бес) жұмыс күнi;

10) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерiне көрсетiлетiн қызметтi алушымен жерге орналастыру жобасын дайындау үшiн жер комиссиясының оң қорытындысының бiр данасын бередi, жер комиссиясының қорытындысы терiс болған жағдайда — жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмнiң жобасын дайындайды — 5 (бес) жұмыс күнi;

11) уәкiлеттi органның басшысы жер комиссиясының қорытындысы терiс болған жағдайда жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмнiң жобасын келiседi — 1(бiр) сағат;

12) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы жер комиссиясының қорытындысы терiс болған жағдайда жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмге қол қояды — 1 (бiр) сағат;

13) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi жер комиссиясының оң қорытындысын немесе жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмнiң көшiрмесiн бередi — 15 (он бес) минут;

2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекiтiлген күннен бастап жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм шығару:

егер көрсетiлетiн қызметтi берушi ауданның, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органы болған жағдайда:

14) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi бекiтiлген жерге орналастыру жобасын қабылдайды және оны уәкiлеттi органның жауапты орындаушысына жолдайды — 1 (бiр) сағат;

15) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы шешiмнiң жобасын дайындайды — 5 (бес) жұмыс күн;

16) уәкiлеттi органның басшысы шешiмнiң жобасын келiседi — 1 (бiр) сағат;

17) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы шешiмге қол қояды — 1 (бiр) сағат;

18) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi шешiмдi тiркейдi және бередi — 15 (он бес) минут;

егер көрсетiлетiн қызметтi берушi аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi болған жағдайда:

19) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бекiтiлген жерге орналастыру жобасын қабылдайды және оны көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысына жолдайды — 1(бiр) сағат;

20) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы шешiм жобасын дайындайды — 5 (бес) жұмыс күнi;

21) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы шешiмге қол қояды — 1 (бiр) сағат;

22) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi шешiмдi тiркейдi және бередi — 15 (он бес) минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдернiң (iс-қимылдардың) нәтижелерi:

1-кезең:

1) құжаттардың толықтығын тексеру, құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) құжаттарды қарау және орындау үшiн жолдау;

3) орындау үшiн жауапты орындаушыны айқындау;

4) жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тiзiлiмiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының болуын тексеру;

егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тiзiлiмiнде болған жағдайда:

5) өтiнiштi қараудан бас тартудың жобасын дайындау;

6) өтiнiштi қараудан бас тартуға қол қою;

7) өтiнiштi қараудан бас тартуды тiркеу және беру;

егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тiзiлiмiнде болмаған жағдайда:

8) ұсыныстарды немесе жер учаскесiн таңдау актiсiн дайындау, құжаттарды жер комиссиясының қарауына жiберу;

9) жер комиссиясының қорытындысын шығару;

10) жер комиссиясының оң қорытындысын беру немесе жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм жобасын дайындау;

жер комиссиясының қорытындысы терiс болған жағдайда:

11) жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмнiң жобасын келiсу;

12) жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмге қол қою;

13) жер комиссиясының оң қорытындысын немесе жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмдi беру;

2-кезең:

егер көрсетiлетiн қызметтi берушi ауданның, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органы болған жағдайда:

14) бекiтiлген жерге орналастыру жобасын қабылдау және уәкiлеттi органның жауапты орындаушысына жолдау;

15) шешiм жобасын дайындау;

16) шешiм жобасын келiсу;

17) шешiмге қол қою;

18) шешiмдi тiркеу және беру;

егер көрсетiлетiн қызметтi берушi аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi болып табылған жағдайда:

19) бекiтiлген жерге орналастыру жобасын қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысына жолдау;

20) шешiм жобасын дайындау;

21) шешiмге қол қою;

22) шешiмдi тiркеу және беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

4) уәкiлеттi органның басшысы;

5) қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң басшысы;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

7) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы;

8) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы;

9) жер комиссиясы.

8. Әрбiр рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1-кезең: сұратылған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау, жер учаскесiн таңдау актiсiн дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, оларды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды — 15 (он бес) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi органның басшысы), сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң басшысына (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұратылған кезде) орындау үшiн жолдайды — 1 (бiр) жұмыс күнi;

3) уәкiлеттi органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 (бiр) сағат;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тiзiлiмiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының болуын тексередi — 1 (бiр) сағат;

егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тiзiлiмiнде болған жағдайларда:

5) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi қараудан бас тарту жобасын дайындайды — 1 (бiр) жұмыс күнi;

6) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi қараудан бас тартуға қол қояды -1 (бiр) сағат;

7) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi өтiнiштi қараудан бас тартуды тiркейдi және бередi — 15 (он бес) минут;

егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тiзiлiмiнде болмаған жағдайларда:

8) уәкiлеттi органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы сұратылып отырған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныс немесе жер учаскесiн таңдау актiсiн (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұратылған кезде) дайындайды және құжаттарды жер комиссиясына жолдайды — 8 (сегiз) жұмыс күнi;

9) уәкiлеттi органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы сұратылып отырған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсынысты немесе жер учаскесiн таңдау актiсiн ұсынған сәттен бастап жер комиссиясы хаттамалық шешiм нысанында жер учаскесiн беру мүмкiндiгi туралы қорытынды шығарады — 5 (бес) жұмыс күнi;

10) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерiне көрсетiлетiн қызметтi алушымен жерге орналастыру жобасын дайындау үшiн жер комиссиясының оң қорытындысының бiр данасын бередi, жер комиссиясының қорытындысы терiс болған жағдайда — жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмнiң жобасын дайындайды — 5 (бес) жұмыс күнi;

11) уәкiлеттi органның басшысы жер комиссиясының қорытындысы терiс болған жағдайда жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмнiң жобасын келiседi — 1(бiр) сағат;

12) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы жер комиссиясының қорытындысы терiс болған жағдайда жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмге қол қояды — 1 (бiр) сағат;

13) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi жер комиссиясының оң қорытындысын немесе жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмнiң көшiрмесiн бередi — 15 (он бес) минут;

2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекiтiлген күннен бастап жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм шығару:

егер көрсетiлетiн қызметтi берушi ауданның, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органы болған жағдайда:

14) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi бекiтiлген жерге орналастыру жобасын қабылдайды және оны уәкiлеттi органның жауапты орындаушысына жолдайды — 1 (бiр) сағат;

15) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы шешiмнiң жобасын дайындайды — 5 (бес) жұмыс күнi;

16) уәкiлеттi органның басшысы шешiмнiң жобасын келiседi — 1 (бiр) сағат;

17) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы шешiмге қол қояды — 1 (бiр) сағат;

18) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi шешiмдi тiркейдi және бередi — 15 (он бес) минут;

егер көрсетiлетiн қызметтi берушi аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi болған жағдайда:

19) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бекiтiлген жерге орналастыру жобасын қабылдайды және оны көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысына жолдайды — 1(бiр) сағат;

20) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы шешiм жобасын дайындайды — 5 (бес) жұмыс күнi;

21) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы шешiмге қол қояды — 1 (бiр) сағат;

22) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi шешiмдi тiркейдi және бередi — 15 (он бес) минут.

4. Мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар Мемлекеттiк корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбе бойынша құжаттарды бiр данада ұсынады.

10. Мемлекеттiк корпорацияға жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi. 1- шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 — тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2 — қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2 — процесс — осы регламенттiң 5 — тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3 — процесс — Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын болған нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

барынша жол берiлетiн қызмет көрсету уақыты — 15 (он бес) минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 325 Kb)

Мақаланы құрған күні 12.01.2017 15:08
Мақаланы жаңартқан күні 07.10.2019 16:55
Қаралым саны: 3314
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы