AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ А-5/209 қаулысымен
бекiтiлдi

«Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандарының, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен, кенттердiң, ауылдардаң, ауылдық округтердiң әкiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жер учаскесiне арналған құқықты беру туралы шешiмi немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекiтiлген "Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiқ құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18243 болып тiркелдi) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адаммен Стандарттың 9 — тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынуы, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, оларды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және уәкiлеттi органның басшысына (бұдан әрi — уәкiлеттi органның басшысы) жолдайды — 1 жұмыс күнi;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы құжаттарды жер комиссиясының қарауына жолдайды — 2 жұмыс күнi;

5) жер комиссиясы хаттамалық шешiм нысанында жер учаскесiне құқық беру мүмкiндiгi туралы қорытынды шығарады -5 жұмыс күнi;

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 3 жұмыс күнi;

7) уәкiлеттi органның басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң жобасын келiседi — 1 сағат;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қояды — 1 жұмыс күнi;

9) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау және тiркеу;

2) құжаттарды қарау және орындау үшiн жолдау;

3) орындау үшiн жауапты орындаушыны айқындау ұсынылған құжаттарды тексеру;

4) құжаттарды жер комиссиясының қарауына жiберу;

5) жер комиссиясының қорытындысын шығару;

6) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындау;

7) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын келiсу;

8) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қою;

9) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркеу және беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) уәкiлеттi органның басшысы;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы;

5) жер комиссиясы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, оларды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына бұрыштама қоюға жолдайды — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және уәкiлеттi органның басшысына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы құжаттарды жер комиссиясының қарауына жолдайды — 2 жұмыс күнi;

5) жер комиссиясы хаттамалық шешiм нысанында жер учаскесiне құқық беру мүмкiндiгi туралы қорытынды шығарады — 5 жұмыс күнi;

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 3 жұмыс күнi;

7) уәкiлеттi органның басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң жобасын келiседi — 1 сағат;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қояды — 1 жұмыс күнi;

9) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 104 Kb)

Мақаланы құрған күні 03.10.2019 10:31
Мақаланы жаңартқан күні 03.10.2019 10:31
Қаралым саны: 74
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы