A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы;

2) «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат (бұдан әрi — рұқсат) беру туралы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қаулысы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекiтiлген «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және құзыреттiлiгi бойынша жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi органның басшысына (бұдан әрi — уәкiлеттi органның басшысы) орындау үшiн жолдайды — 1 сағат;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 жұмыс күнi;

5) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес келген жағдайда:

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы материалдарды орталық уәкiлеттi органға жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

7) орталық уәкiлеттi орган ұсынылған материалдарға келiсiм бередi және пысықталған қорытынды шығарады — 15 күнтiзбелiк күн;

8) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы рұқсаттың жобасын дайындайды — 10 күнтiзбелiк күнi;

9) уәкiлеттi органның басшысы рұқсаттың жобасын қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қою үшiн жолдайды — 1 сағат;

10) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы рұқсатты қарайды және оған қол қояды — 1 сағат;

11) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға рұқсатты бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) құжаттарды қарау және оларды орындау үшiн жолдау;

3) жауапты орындаушыны анықтау;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

5) өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

6) орталық уәкiлеттi органға материалдарды жолдау;

7) ұсынылған материалдарға келiсiм беру және пысықталған қорытынды шығару;

8) рұқсаттың жобасын дайындау;

9) рұқсаттың жобасын қол қою үшiн жолдау;

10) рұқсатқа қол қою;

11) рұқсатты беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) уәкiлеттi органның басшысы;

4) орталық уәкiлеттi орган;

5) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және құзыретi бойынша жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi органның басшысына орындау үшiн жолдайды — 1 сағат;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 жұмыс күнi;

5) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес келген жағдайда:

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы материалдарды орталық уәкiлеттi органға жолдайды — 1 күнтiзбелiк күнi;

7) орталық уәкiлеттi орган ұсынылған материалдарға келiсiм бередi және пысықталған қорытынды шығарады — 15 күнтiзбелiк күнi;

8) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы рұқсаттың жобасын дайындайды — 10 күнтiзбелiк күнi;

9) уәкiлеттi органның басшысы рұқсаттың жобасын қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қою үшiн жолдайды — 1 сағат;

10) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы рұқсатты қарайды және оған қол қояды — 1 сағат;

11) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға рұқсатты бередi — 15 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш бiлдiру тәртiбi мен рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролiнiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркеудi iске асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖСН/БСН және паролiн Порталға енгiзу процесi (авторизация процесi). 1-шарт — Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;

2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiнде қажет құжаттардың көшiрмелерiн бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электронды түрде сұраныстың нысанына тiркеу, сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтанбаның (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдап алуы. 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұраныс салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен Портал қалыптастырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының ЭЦҚ пайдаланумен бiрге қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

 

Жүктеу (HTML 20 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 14:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:58
Қаралым саны: 1651

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz