AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы "15" қыркүйектегi
№ А-9/435 қаулысымен
бекiтiлдi

1. Жалпы ережелер

1. "Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi-мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорк қалаларының жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — бекiтiлген жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсi (бұдан әрi — акт) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйырығымен бекiтiлген "Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11050 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды-15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексередi, бекiту үшiн акт дайындайды- 2 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы актiнi қарайды және қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға актiнi бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;

4) актiнi бекiту;

5) бекiтiлген актiнi беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң)тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды-15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды-1 сағат;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексередi, бекiту үшiн актiнi дайындайды-2 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы актiнi қарайды және қол қояды-1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға актiнi бередi — 15 минут.

4. Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не: заңды тұлғаның өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенiмхат бойынша уәкiлеттi өкiлi) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорын есептеген жер учаскесiнiң бағалау құнын айқындау актiсi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электронды үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттарпакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады;

Мемлекеттiк корпорацияғамемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не нотариалды расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлiнiң) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға бiр жұмыс күнi iшiнде жiбередi.

10. Мемлекеттiк корпорациясына өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс-Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi. 1-шарт-көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс- осы Регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс-Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын болған нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi;

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты-15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты-15 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорацияменөзара әрекет етудiң тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 134 Kb)

Мақаланы құрған күні 12.01.2017 14:51
Мақаланы жаңартқан күні 03.10.2019 11:05
Қаралым саны: 3218
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы