A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы

әкiмдiгiнiң 2016 жылғы «___»________қаулысына

1-қосымша

 

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 15 қыркүйектегi
№ А-9/435 қаулысымен
бекiтiлдi

«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi-мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың жер қатынастары басқармасымен, аудандардың, Көкшетау, Степногорк қалаларының жер қатынастары бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорациясы)арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнының бекiтiлген актiсi (бұдан әрi — акт).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну,мемлекеттiк қызмет көрсетубойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды-15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды-1 сағат;

3) жауапты орындаушы ұсынылған материалдарды тексередi, бекiту үшiн акт дайындайды- 2 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы актiнi қарайды және қол қояды-1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға актiнi бередi-15 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;

4) актiнi бекiту;

5) бекiтiлген актiнi беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң)тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiкеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды-15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды-1 сағат;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексередi, бекiту үшiн актiнi дайындайды-2 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы актiнi қарайды және қол қояды-1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға актiнi бередi- 15 минут.

4. Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не: заңды тұлғаның өкiлеттiлiгiн растайтынқұжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенiмхат бойынша уәкiлеттi өкiлi) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияғажүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорын есептеген жер учаскесiнiң бағалау құнын айқындау актiсi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электронды үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге-өтiнiш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттарпакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады;

Мемлекеттiк корпорацияға-мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не нотариалды расталған сенiмхаты бойынша оның өкiлiнiң) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

10. Мемлекеттiк корпорациясына өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс-Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi. 1-шарт-көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс- осы Регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс-Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын болған нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi;

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты-15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты-15 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорацияменөзара әрекет етудiң тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты
жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау)
құнын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтiң регламентiне қосымша

 

«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»мемлекеттiк қызмет көрсету

бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

 

Жүктеу (HTML 18 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 12:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:55
Қаралым саны: 2080

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz