A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламент

Ақмола облысы

әкiмдiгiнiң 2016 жылғы «___»________қаулысына

4-қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 15 қыркүйектегi
№ А-9/435 қаулысымен
бекiтiлдi

 

«Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорациясы);

3) «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрi — рұқсат).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi

берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекiтiлген «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — ЕЛ МДБ АЖ) тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және құзыреттiлiгi бойынша жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi органның басшысына (бұдан әрi — уәкiлеттi органның басшысы) орындау үшiн жолдайды — 1 сағат;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 жұмыс күнi;

5) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес келген жағдайда:

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы рұқсаттың жобасын дайындайды — 3 жұмыс күнi;

7) уәкiлеттi органның басшысы рұқсаттың жобасын қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қою үшiн жолдайды — 1 сағат;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы рұқсатты қарайды және қол қояды — 5 жұмыс күнi;

9) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi:

рұқсатты ЕЛ МДБ АЖ арқылы ұсынады — 15 минут; рұқсатты кағаз тасығышта алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш бiлдiрген жағдайда, ЕЛ МДБ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) құжатқа қол қойылады, басып шығарылады, мөрмен куәландырылады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолы қойылады — 1 сағат.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын

мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) құжаттарды қарау және оларды орындау үшiн жолдау;

3) жауапты орындаушыны анықтау;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

5) өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

6) рұқсаттың жобасын дайындау;

7) рұқсаттың жобасын қол қою үшiн жолдау;

8) рұқсатқа қол қою;

9) рұқсатты беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы;

3) уәкiлеттi органның басшысы;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi тиiстi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды, оларды ЕЛ МДБ АЖ арқылы тiркеудi iске асырады және басшыға бұрыштама қою үшiн жолдайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды,

құзыреттiлiгi бойынша жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi органның басшысына орындау үшiн жолдайды — 1 сағат;

3) уәкiлеттi органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты

орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда:

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы өтiнiштi бұдан әрi

қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 жұмыс күнi;

5) уәкiлеттi органның басшысы өтiнiштi бұдан әрi қараудан бас тарту

туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес

келген жағдайда:

6) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы рұқсаттың жобасын

дайындайды — 3 жұмыс күнi;

7) уәкiлеттi органның басшысы рұқсаттың жобасын қарайды және қол

қою үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына жолдайды — 1 сағат;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы рұқсатты қарайды және

қол қояды — 5 жұмыс күнi;

9) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi:

рұқсатты ЕЛ МДБ АЖ арқылы ұсынады — 15 минут;

рұқсатты қағаз түрiнде алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш бiлдiрген жағдайда ЕЛ МДБ АЖ арқылы ЭЦҚ құжатқа қол қойылады, басып шығарылады, мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолымен куәландырылады — 1 сағат.

4. Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде:

1) стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

3) iздестiру жұмыстарын жүргiзу ауданының жоспары (схема);

4) iздестiру жұмыстарын орындауға берiлген тапсырманың көшiрмесi.

Құжаттардың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады;

порталға:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм;

2) iздестiру жұмыстарын жүргiзу учаскесi жоспарының (схемасы) электрондық көшiрмесi;

3) iздестiру жұмыстарын орындауға берiлген тапсырманың электрондық көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар), жер учаскесiне сәйкестендiру және құқық растау құжаты туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi және көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады;

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар пакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

порталға — «жеке кабинетке» мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жолданады.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

10. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорациясына инспекторы ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi. 1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс  — осы Регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын болған нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi;

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш бiлдiру тәртiбiмен рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролiнiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркеудi iске асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖСН/БСН және паролiн Порталға енгiзу процесi (авторизация процесi). 1-шарт — Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң тұпнұсқалығын тексеру;

2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiнде қажет құжаттардың көшiрмелерiн бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электронды түрде сұраныстың нысанына тiркеу, сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдап алуы. 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұраныс салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс — осы Регламенттiң 5-тармағында қарастырылған, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен ЕЛ МДБ АЖ-сi қалыптастырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламентiне 1-қосымша

 

 Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Портал — «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы;
ЕЛ МБД АЖ — «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасының ақпараттық жүйесi.

«Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламентiне 2-қосымша

  

Жүктеу (HTML 32 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 10:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:27
Қаралым саны: 1779

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz