A- A A+
Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы
Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ А-5/209 қаулысымен
бекiтiлдi

"Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандарының, Көкшетау, Степногорск қалаларының жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiн жалға алу шарты, немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекiтiлген "Жер учаскелерiн сатып алу-сату шарттарын жасасу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiқ құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18243 болып тiркелдi) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушымен (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адаммен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимыл) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, оларды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 8 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау және тiркеу;

2) құжаттарды қарау және орындау үшiн жауапты орындаушыны айқындау;

3) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындау;

4) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркеу және беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды — 15 минут;

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және

4) жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң жобасын дайындайды — 8 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

"Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 89 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 25.06.2019 15:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.10.2019 12:50
Қаралым саны: 685

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

land@aqmola.gov.kz