AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы

 

Қадыралина Алмагүл Аманжолқызы

телефон: (7162) 25-34-71

e-mail: al.kadralina@akmo.gov.kz

 

 

 

Қадыралина Алмагүл Аманжолқызы, 1978 жылы туған, бiлiмi жоғары, 1999 ж. агрономия мамандығы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн аяқтады. 2003 ж құқықтану мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетiн бiтiрдi.

Еңбек жолы 2000 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласының прокуратурасында мамам ретiнде басталды. 2004 ж. 2011 ж. дейiнжер ресурстары және жер инспекциясы саласында әр түрлi лауазымда жұмыс iстедi. 2011 жылдың қыркүйек айында Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңiраралық жер инспекциясында басшының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдың наурыз айында Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап 2013 жылдың қазан айына дейiн Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы басшысы ретiнде тағайындалды.

2016 ж «Ерең еңбегi үшiн» медалiмен, 2015 ж «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалiмен, 2016 ж «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 25 жыл» медалiмен, 2016 ж «Құрметтi жерге орналастырушысы» төсбелгiсiмен марапатталды.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының
негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Басқарма қызметiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және мемлекеттiк мекеме туралы ережеге сәйкес басқару.

Басқарманың бөлiм басшыларын мiндеттерiн мен өкiлеттiктерiн айқындау

Өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимыл

Жер қатынастары саласындағы қызметiн ұйымдастыру

Жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттiк саясатты ұйымдастыру, облыстың жер ресурстарын пайдалану және қайта бөлу туралы қолжетiмдiлiгiн және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тиiмдi есеп саясатын жүргiзу

Жер ресурстарын тиiмдi және ұтымды пайдаланудың жағдайларды құру

Мемлекеттiк бағдарламалардың индекаторларға жету және жетекшiлiк ететiн салада меморандумдарды орындау

Мақаланы құрған күні 29.08.2018 11:22
Мақаланы жаңартқан күні 29.08.2018 11:22
Қаралым саны: 773
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы