AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Жер учаскелерін беретін және мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімі басшысының м.а.
 
 
Амантаев Бауыржан
 
Телефон: 8 (7162) 256857
 
E-mail: b.amantaev@akmo.gov.kz
 
 
 
 
 
 

Амантаев Бауыржан 1978 жылы 3 наурызда туған. 2003 жылы жерге орналастыру мамандығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiн бiтiрдi. 2004 жылдан 2020 жылға дейiн жерге орналастыру саласында әр түрлi лауазымдарда 13 ақпаннан бөлiм басшысының м. а. болып тағайындалған.

Бөлiмнiң функциялары:

Бөлiммен басшылық ету, жер қатынастары бөлiгiнде аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының жер қатынастары бөлiмдерiнiң қызметiн реттеу және әдiстемелiк басшылығын ету;

сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзуiн, жер заңнамасымен белгiленген өкiлеттi болу шегiнде жер учаскелерiн беру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындауды;

жердi аймақтарға бөлу жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастыру, облыстағы жерлердi ұтымды пайдалану бойынша жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;

ауылшаруашылық айналымына енгiзу мақсатында ауылшаруашылық жерлердiң түгендеуiн өткiзу;

елдi мекендердiң жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығына арналған қор, өнеркәсiп жерлерiнiң саласындағы мәселелердi реттеу;

жер учаскелерiн беру мәселелерi бойынша облыс әкiмдiгiнiң жанындағы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, “Азаматтарға арналған Үкiмет” Мемлекеттiк корпорациясымен, облыстағы жер құқық қатынастарында басқа да мемлекеттiк мемлекеттiк органдарымен және жүргiзушi мемлекеттiк жер кадастрымен өзара iс-қимыл;

жер қатынастары және басқа құқық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

Басқармамен орындалатын мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша мәселелерiн үйлестiру;

Құжаттарды қарастыру бойынша жұмысты және мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмнiң жобасын енгiзудi ұйымдастыру;

құжаттарды одан әрi қарастырудан бас тарту туралы материалдарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

мемлекеттiк қызметтi көрсетуге мерзiмдердi сақтауды бақылау;

мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тәртiбi туралы түсiндiру шараларын өткiзу;

басқарма басшысымен анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындау.

Бөлiмнiң қызметкерлерi:

Бас маман Доманова Гүлжан Ысқаққызы 25-68-57
Бас маман Ахметова Джейн Мәлікқызы 25-68-57
Бас маман Әбдірахманова Айнұр Айтбайқызы 25-68-57
Мақаланы құрған күні 29.08.2018 12:05
Мақаланы жаңартқан күні 24.02.2020 19:08
Қаралым саны: 1558
© 2020. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы