AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

ПРЕЗИДЕНТТIК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВIНЕ IРIКТЕУ БАСТАЛДЫ

Президенттiк жастар кадр резервiне өтiнiмдердi қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшiн автоматтандырылған онлайн-платформа iске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңiл әрi өте ыңғайлы.

Үмiткер сайттың басты бетiнде Президенттiк жастар кадр резервiнiң iрiктеуiне қатысты мағлұматты инфографика арқылы бiле алады. Онда iрiктеуге кiмдер қатыса алатындығы, уақыты мен iрiктеу кезеңдерi жазылған.

Тiркеу тәртiбi барынша жеңiлдетiлген.

Үмiткерге мiндеттi түрде өзiнiң жеке мәлiметтерiн, аты-жөнiн, тегiн, ЖСН, iрiктеу кезеңдерiнен өтуге қолайлы тiлдi таңдап өзiнiң ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келiсiммен танысып, тиiстi талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үмiткер Президенттiк жастар кадр резервiне қатыса алмайды.

Президенттiк жастар кадр резервiне қатысу үшiн үмiткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тiркелу қажет.

Мақаланы құрған күні 26.09.2019 09:59
Мақаланы жаңартқан күні 26.09.2019 09:59
Қаралым саны: 98
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы