A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Сақтау Этикалық кодекс - мемлекеттік қызметшінің міндеті

ҚР Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Этикалық кодексiне сәйкес мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Жер қатынастары басқармасы осы мәселеге көп көңiл бөледi.

Әдеп жөнiндегi уәкiл тұрақты негiзде басқарма қызметкерлерiмен және жаңадан қабылданған мемлекеттiк қызметшiлермен мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Этикалық кодексi саласындағы заңнама талаптарын түсiндiру бойынша әңгiмелер, дәрiстер, дөңгелек үстелдер түрiнде iс-шаралар өткiзiледi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша түсiндiру сипатындағы мақалалар жарияланады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтер туралы заңнама талаптарын жiбермеу мақсатында ағымдағы жылдың 1 наурызында жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi органдардың, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетiнiң, Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң департаментiнiң, облыс әкiмдiгiнiң, мемлекеттiк корпорацияның, "ҰАТ" АҚ өкiлдерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерiн үйлестiретiн аудандар, қалалар әкiмдерi аппараттарының басшылары мен мамандарының қатысуымен мемлекеттiк қызметтердiң жаңа және қайта бекiтiлген түрлерi бойынша семинар өткiзiлдi.

Аталған iс-шараның қорытындысы бойынша, барлық проблемалық мәселелер бойынша бiрыңғай құқық қолдану тәжiрибесiн белгiлеу мақсатында тиiстi ұсынымдар әзiрлендi және жұмыста басшылық ету үшiн қызмет көрсетушiлерге жеткiзiлдi.

Бұдан басқа, 20.03.2019 жылғы хатпен ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетiне Мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетiлдiру туралы ұсыныстар жолданды.

Бiрiншi тоқсанда Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер түскен жоқ.

Әрбiр мемлекеттiк қызметшi жауапкершiлiктi және жүктелетiн мiндеттердi сезiнуi, жұмыс уақытында да, жұмыс уақытында да лайықты мiнез-құлықты қамтамасыз етуi тиiс.

Мақаланың шыққан күні: 04.04.2019 10:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.04.2019 10:00
Қаралым саны: 288

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz