AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Сақтау Этикалық кодекс - мемлекеттік қызметшінің міндеті

ҚР Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Этикалық кодексiне сәйкес мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Жер қатынастары басқармасы осы мәселеге көп көңiл бөледi.

Әдеп жөнiндегi уәкiл тұрақты негiзде басқарма қызметкерлерiмен және жаңадан қабылданған мемлекеттiк қызметшiлермен мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Этикалық кодексi саласындағы заңнама талаптарын түсiндiру бойынша әңгiмелер, дәрiстер, дөңгелек үстелдер түрiнде iс-шаралар өткiзiледi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша түсiндiру сипатындағы мақалалар жарияланады.

Екiншi тоқсанда Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер түскен жоқ.

Әрбiр мемлекеттiк қызметшi жауапкершiлiктi және жүктелетiн мiндеттердi сезiнуi, жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытында лайықты мiнез-құлықты қамтамасыз етуi тиiс.

Мақаланы құрған күні 10.07.2019 09:26
Мақаланы жаңартқан күні 10.07.2019 09:26
Қаралым саны: 350
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы