AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
– Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрiнiң
2017 жылғы 4 шiлдедегi
№ 285 бұйрығына
2-қосымша

"Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 11.01.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация).

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн, бұл ретте құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң барынша жол берiлетiн уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электрондық кезек" тәртiбiмен жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша оның өкiлi) Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

3) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорация жұмыскерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде (не оның өкiлiне өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша) қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өткенге дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң Мемлекеттiк корпорацияға жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының осы тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң

және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және

(немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi

шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Орталық мемлекеттiк органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не орталық мемлекеттiк орган басшысының атына жұмыс күндерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе орталық мемлекеттiк органның кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, орталық мемлекеттiк органның кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қояды.

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келiп түскен шағымның Мемлекеттiк корпорацияда қабылданғанын оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) растайды.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында — оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi өңдеуi (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, орталық мемлекеттiк органның немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен, портал арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, орталық мемлекеттiк органның немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы

көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын

өзге де талаптар

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгiну жолымен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.mcx.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.mcx.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде;

3) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар.

17. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

"Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 23 Kb)

Мақаланы құрған күні 18.07.2018 11:48
Мақаланы жаңартқан күні 18.07.2018 11:48
Қаралым саны: 1451
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы