Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрiнiң
2019 жылғы 24 қаңтардағы
№ 25 бұйрығына
1-қосымша

"Жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiм қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiм қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1-кезең: сұратылған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау, жер учаскесiн таңдау актiсiн дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 23 (жиырма үш) жұмыс күнi;

2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекiтiлген күннен бастап жер учаскесiне арналған жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм шығару 7 (жетi) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) барынша жол берiлетiн қызмет көрсету уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жер учаскесiне арналған құқықты беру туралы шешiмi не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiнде көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар бiр данада мыналарды ұсынады:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1-кезең:

1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскесiн беруге арналған өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

3) жер учаскесiнiң орналасу схемасы;

4) республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында автомобиль жолдарын басқару жөнiндегi ұлттық оператордың келiсiмi;

2-кезең:

бекiтiлген жерге орналастыру жобасы;

порталға:

1-кезең:

1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскесiн беруге арналған электрондық өтiнiш;

2) жер учаскесiнiң орналасу схемасының электрондық көшiрмесi;

3) республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында автомобиль жолдарын басқару жөнiндегi ұлттық оператор келiсiмiнiң электрондық көшiрмесi;

2-кезең:

бекiтiлген жерге орналастыру жобасының электрондық көшiрмесi.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi тiркеу туралы, дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы, жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын, жер учаскесiне арналған құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттарын растайтын, жер учаскесiне ауыртпалықтың жоқ екенi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын оның көшiрмесiндегi өтiнiштi қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi растайды;

порталға тапсырған кезде — "жеке кабинетке" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректер мен мәлiметтердiң 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 24-бабы 1-тармағының 2-бөлiгiнде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының 6-бөлiгiнде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының 2-бөлiгiнде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында және "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Министрлiктiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына жұмыс күндерi осы Стандарттың 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қояды.

Портал арқылы жүгiнген кезде, шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен, портал арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электронды түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде орналасқан.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

"Жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiм қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 23 Kb)

Мақаланы құрған күні 07.03.2019 10:01
Мақаланы жаңартқан күні 07.03.2019 10:01
Қаралым саны: 609
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы