A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 29 сәуiрде № 13652 болып тiркелдi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзiмдi баспа басылымдарына және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiне, сондай-ақ тiркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн iшiнде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiмет ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрi Е. Досаев

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрiнiң

2016 жылғы 30 наурыздағы

№ 151 бұйрығымен бекiтiлген

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушiлер) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 30 (отыз) жұмыс күнi, көрсетiлген мерзiмге жерге орналастыру жобасын әзiрлеу кезеңi кiрмейдi;

құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтiнiштi қараудан бас тарту — 2 (екi) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм немесе осы стандарттың 10-тармағындағы көрсетiлген жағдайларда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiненбасқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

өтiнiштер қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейiн;

мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкiлеттi өкiлi, нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның уәкiлеттi өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi).

Көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кездегi құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп, кеңседе тiркелгенi туралы белгi соғылған көшiрме өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға:

1) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алынған тұлғалар тiзiлiмiнде тұрса;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскесiне құқық ұсыну туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда негiз болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды

адамдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының (жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына берiледi;

шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады;

шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның немесе шағымға iлеспе хаттың көшiрмесiне қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;

портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушi не жоғары тұрған мемлекеттiк орган өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету, оның iшiнде электрондық

нысанда көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ғимараттарындағы стендiлерде орналастырылған.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777.

«Сауда-саттықты (конкурстарды,
аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн
мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне
құқықтарды алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына қосымша

нысан

______________________________________ әкiмiне

(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала,

аудан, облыстық және аудандық маңызы бар қала,

кент, ауыл, ауылдық округ)

______________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

______________________________________________

немесе заңды тұлғаның толық атауы)

ЖСН (БСН)_____________________________________

______________________________________________

(жеке және заңды тұлғаны растайтын құжатының

______________________________________________

деректерi байланыс телефоны, мекенжайы)

 

Жер учаскесiне құқық алуға өтiнiш

_____________________________________________________________________

(жер учаскесiнiң орналасқан жерi (мекенжайы)

орналасқан, ауданы ___________ гектар, ______________________________

____________________________________ үшiн __________________________,

(жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы)(сұратылып отырған құқық түрi)

_____________________________________________________________________

(жер учаскесiн сауда-саттықтан тыс табыстау жағдайлары көрсетiлсiн

_____________________ негiзiнде жер учаскесiне құқық берудi сұраймын.

(конкурстар, аукциондар)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм беремiн.

Өтiнiшке сұратылып отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерiнiң

қағаз немесе электрондық форматтағы ситуациялық сызбасы қоса тiркеледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы _________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде) немесе

_____________________________________________________________________

заңды тұлғаның не уәкiлеттi тұлғаның атауы

_____________________ 20____ жылғы «_______» _____________.

(қолы                                               ) (күнi)

Жүктеу (HTML 6 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2017 16:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:11
Қаралым саны: 2209

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz