Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 151 бұйрығына қосымша

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 21.01.2019 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1-кезең: сұратылған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау, жер учаскесiн таңдау актiсiн дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 23 (жиырма үш) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын бередi;

2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекiтiлген күннен бастап жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм шығару 7 (жетi) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) барынша жол берiлетiн қызмет көрсету уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз және алдын-ала жазылусыз, "электрондық кезек" тәртiбiмен көрсетiледi, электрондық кезектi "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы броньдауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiне және Мемлекеттiк корпорацияға бiр данада мыналарды ұсынады:

1-кезең:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiне құқық беруге арналған өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн).

2-кезең:

бекiтiлген жерге орналастыру жобасы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы, жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын, жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттарын растайтын, жер учаскесiне ауыртпалықтың жоқ екенi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын оның көшiрмесiндегi құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi растайды;

Мемлекеттiк корпорацияға тапсырған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыға өтiнiштiң қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша оның өкiлiне) беру жеке куәлiгiн көрсеткен кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың осы тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректер мен мәлiметтердiң 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 24-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлiгiнде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екiншi бөлiгiнде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына жұмыс күндерi осы Стандарттың 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қояды.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келiп түскен шағымның Мемлекеттiк корпорацияда қабылданғанын оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) растайды.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде, шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен, портал арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қойылатын өзге де талаптар

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды бiрыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгiну жолымен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 25 Kb)

Мақаланы құрған күні 11.01.2017 16:09
Мақаланы жаңартқан күні 06.03.2019 17:34
Қаралым саны: 3380
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы